Димаш 7-кезеңде "Дайдидауды" орындады (видео)

Димаш 7-кезеңде "Дайдидауды" орындады (видео)
Фото: vk.com

Димаш қашан қазақша ән айтады деп күтіп жүрген қазақ тыңдармандары үшін қуанышты жаңалық. Қытайдың "I am singer" атты тартысты ән додасында сәтті өнерімен тыңдармандар жүрегін жаулаған отандасымыз Димаш Құдайбергенов байқаудың 7-кезеңінде қазақтың "Дайдидау" әнін орындап, үздік үштіктен көрінді. 

"Дайдидау" Димаштың төлқұжатына айналған ән десе де болады. Бұл байқауға дейін ол осы әнмен Халықаралық "Славян базары" байқауында бас жүлдені иеленген еді. 

Димаштың орындауын тамашалай отыңыздар:

Естеріңізге сала кетейік, 8-кезең келесі сенбі, 11 наурыз күні көрсетіледі. Димаш бұл кезеңде Хан Хунның "Таң атты" әнін орындап, 5 орын алды.

Ж. Жұмағұлов