Құпияңмен бөліс...

Құпияңмен бөліс...

Он екіде бір гүлі ашылмаған шағында ойнап жүріп от басып жатқан қызғалдақ қыздарымыз аз емес. Ес жиып, етек жапса да, дәм-тұз жараспай, отбасы ойран болып, қу тізесін құшақтап қалған келіншектер қаншама?! Ал отызға келсе де оң жақта отырған жалғызбасты нәзік жандыларымыздың тағдыры кімді алаңдатады?

Бұдан бөлек қырық шырақты қыз баласының қиындығы шаш етектен...  

Осының бәрін ескере келе біз қыз-келіншектерге арнап, "Құпия" айдаршасын ашып отырмыз. "Құпияда" айтылмаған құпия қалмауы тиіс. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! 

Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Басыңызға түскен қиындықты қалай жеңеріңізді білмей жүрсеңіз, біз сізге көмектесеміз. Арнайы психолог мамандар оқиғаңызды бақылауға алып, сізге кеңес береді. 

Іште жатқан жазылмаған ойларды, айтылмаған сырларды бізге жолдаңыз... Сырлас болайық! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com

Сурет: вк

М. Оңғарова