Еркектер нені қалайды?

Еркектер нені қалайды?
Фото: www.danielepoli.com

Бұл сұрақтың жауабын іздеген нәзік жандардың аз емесі анық. Ал осы мәселе турасында дұрыс ой қорытқандары қанша? Егер сіз де солардың қатарынан болсаңыз, пікіріңіз дұрыс жауаппен сай келе ме екен? Тексеріп көріңіз.

Төмендегі жауаптар алына нақты мақсат қойып, оң-солын айыра білетін, беделді ер азаматтар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы негізінде дайындалған.

1. Қарым-қатынастағы шыншылдықты қалайды

Еркектер екінші жартысының шыншыл болғанын, ешқашан алдамауын қалайды. Сонымен қатар ойындағысын, тілектері мен қажеттіліктерін ашық жеткізетін, өз сезімі мен ар-намысын таптатпайтын жандарды ұнатады.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Олар керісінше ойлайды. Еркектердің «Әйелдер ешқашан ауыздарын ашпаса, қалауы мен тілегі жоқ, үнсіз қуыршақ сияқты болса...» деген ойда екеніне әйелдер 100 пайыз сенімді.

2. Екінші жартысының өзіне сенімді, батыл болуын қалайды

Еркектер жанындағы жартысының еркін, батыл, өзіне сенімді болғанын қалайды. Сонымен бірге өз ортасында сөзі жүретін, қызығушылықтары мен айналысатын ісі болса деп армандайды. Сүйіктісінің нәзік те, қайсар болғаны – еркектер үшін үлкен бақыт.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Әйелдер «Еркектер әрдайым өзінің ғана биікте болғанын қалайды» деп шатасады.

3. Айла, қулықты қаламайды

Еркектер сүйіктісінің ойын оқуды, қандай да бір ым-жымның шешуін іздеуді қаламайды. Сонымен қатар әйелдердің оларды айла-тәсілмен «жетелегендерін» қаламайды.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? «Еркектерге ойымыздағыны орындату үшін оларды алдап-сулауымыз керек, яғни айла қолдану арқылы ғана дегенімізге жеткізеді» деген ойда. Сонымен қатар «Еркектерге әрдайым белгі беріп, алға «сүйреп» отыру керек. Өйткені олар өздігімен алға аттап баспайды» деп қателеседі.

4. Жауапкершілік пен алға жылжуды қалайды

Еркектер қуыршақты емес, «тірі» әйелді сүйіктісі ретінде көргісі келеді. Өз ісіне күле алатын, қателіктеріне аса уайымдамайтын, қайда болсын, оның ішінде әрине, екеуара қатынаста тек алға жылжитын әйелдерді ерекше бағалайды. Сонымен қатар еркектер өзін жан-жақты дамытып, мойнына жауапкершілік ала алатын қайсар қыздарға ынтық.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? «Еркектер тек көңілді уақыт өткізуді ғана қалайды. Олар үшін ақыл, қайырым, мейірімділік, сыйластық, әсіресе махаббат сияқты ұғымдар мүлде жоқ. Бастысы жанында супер-модель болса болғаны» деген ойда.

5. Сенімді қалайды

Сенім — еркектер үшін өте маңызды. Олар екінші жартысының басқаларға көз салмайтын, қарым-қатынаста бір-біріне деген сенім болғанын құп көреді.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? «Олар сенім дегеннің не екенін білмейді, әрі табиғатынан жүргіш келеді. Егер қарым-қатынаста қандай да бір қиындық туса, тезірек қашып құтылады» деген өте лас ойда.

6. Қолдау мен алғыс естігілері келеді

Ер азаматтар кішкентай қадамның өзін елеп-ескеретін әйелдерді жақсы көреді. Бұл – еркектер үшін тек мадақ пен мақтау ғана емес, алға итермелейтін стимул. Олар мақтау мен алғыс естіген сайын, одан жақсы болу үшін талпынады екен.

Бұл турасында әйелдердің ойы қандай? Көптеген әйелдер еркектерінің осал тұстарын бетіне басып, оны жігерлендіремін деп ойлайды. Ал «Алғыс айту, мақтау, қолдап-қолпаштау еркектерге керек емес, олар ондай жақсылықты бағаламайды» деп ойлайды. Сондықтан да олар алғыстың орнына сынап-мінегенге шебер.

Дереккөз: anabol.kz

Н. Үсенова