Өзіне сенімсіз жігіттің сегіз сипаты

Өзіне сенімсіз жігіттің сегіз сипаты

Жігіт бойындағы сенімсіздіктің пайда болуына қандай жағдайлар әсер етеді? Ер адам болған соң бойыңызда сенімділік қасиеті жоғары әрі мықты болғаны жақсы. Өйткені ер адамға бұл қасиет аса қажет. Сонымен, өз-өзіне сенімсіз жігіттер кімдер?

1. Олар өздерінің қолынан пайдалы іс келетініне сенбейді. Өйткені олар өздерін түкке тұрғысыз жай ғана жаратылыс иесі ғана сезінеді.

2. Олар қайғы-қасіретке қатты мүжіледі. Басынан үнемі қайғы арылмайтындай көрініп өміріне өкпе арта береді.

3. Олар болашаққа деген сенімнен жұрдай. Олар армандамайды, олар алдына мақсат қоймайды. «Бәрібір армандар орындалмайды» деген бағытты ұстанады.

4. Олар біліммен биікті бағындыруға болатынына сенбейді. Сондықтан оқуға, білім алуға ерінеді.

5. Олар барлық жағдайдан ақшамен ғана құтылуға болады деп ойлайды. Соның өзінде тек өзгенің (әкесінің, шешесің, туысының немесе досының) есебімен еркінсіп жүреді.

6. Олар өмірде тек бақ шабады деп ойлайды. Сондықтан өзінің қашан жолы болатынын ғана күтіп жүреді немесе мүлде күдерін үзе бастайды.

7. Олар қыздарға тек ақшасы мен түрі бар жігіттер ғана ұнайды деп ойлайды. Сондақтан ақшасы мен келбеті келіспегендіктен қыздардың бәрінен көңілі қалып, бәріне бірдей күл шашып жүре береді.

8. Олар өзін әлсіз сезінеді. Өз ақылымен және күшімен бір биікті бағындырарына сенбейді.

Сізде мұндай қасиеттер бар ма?

Сурет: Инна Иноземцева

Ұқсас жазба:

Сүйгені тастап кеткен жігіттің әрекеті

А. Әбілхан