Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Әйелдер арманындағы жігіт

Әйелдер арманындағы жігіт

Әйелдер арманындағы жігіт

"Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады" дейтін әзіл сөзді жігіттерге де қолдануға болады. Шынында да жаман күйеу қайдан шықсын. Сол үшін де әйел затының жасы бірте-бірте ұлғайғанымен жігіттерге, күйеуіне деген талабы ешқашан кемімейді. Нағыз азамат, ақылды жар болғыңыз келсе, әйелдердің пікіріне құлақ салған жөн-ау. Қытай елінің "Тұрмыс" сайтынан жолықтырған мына бір кеңестерді сіздерге ұсындым. Қажетіңізге жарап қалар. Кейбірі әзіл секілді болғанымен, ақиқаты айдан анық дүние екен. 

22 жасында.

  • Келіскен келбетті болу.
  • Басқаларды баурай алатын болу.
  • Қалтасы қалыңдау болу.
  • Сабырлы да салмақты болу.
  • Ақылды болу.
  • Денсаулығы жақсы болу.
  • Киім-кешегі таза, ретті болу.
  • Үнемі қуантарлық тарту ұсынып тұру.
  • Романтикалы болу.

32 жасында.

  • Рухты болу.
  • Қалтасында үнемі басқаларды бір реткі түскі асқа ұсыныс ететіндей ақшасы болу.
  • Көп тыңдап, аз сөйлейтін болу.
  • Айтқан әзіліңді түсіне алатын болу.
  • Үйге үнемі өзі біліп, керекті заттарды сатып ала келетін болу.
  • Әдемі галстугынан кемінде біреуі болу.
  • Жасаған тамағымды ұнататын болу.
  • Туған күнім мен еске алатын күндерді есінен шығармайтын болу.

42 жасында.

  • Сырттай қараған жанға рухты екені көрініп тұру.
  • Шашы түсіп, қасқа бас болып қалмау.
  • Қызметі орнықты, аздап жұмыс басты болу.
  • Мен сөйлегенде анда-санда басын изеп, айтқанымды құптап отыру.
  • Денсаулығы жақсы болу. Үй жиһаздарын жылжытқанда көмектесу.
  • Киген жейдесі семіздігін жасыра алатын болу.
  • Кей кездері үйге бір шоқ жаңа ашылған гүл ала келуді ұмытпау.
  • Қызметтесімен телефонда тым ұзақ сөйлеспеу.

52 жасында.

  • Сақал-мұртын алып отыруды ұмытпау.
  • Дастарқан үстінде жұрттың берекесін қашырмайтын болу.
  • Ақшаны аз жұмсайтын болу.
  • Мен көзқарасымды айтып отырғанда қалғып кетпейтін болу.
  • Бір әзілді қайта-қайта айта бермейтін болу.
  • Шұлығын үнемі ауыстырып тұратын болу.
  • Киім-кешекті ретті киюге көңіл бөлу.

62 жасында.

  • Ұйықтағанда жай қорылдайтын болу.
  • Өзінің неге күлгенін білетін болу.
  • Киімін теріс киіп алмайтын болу.
  • Қуатты тағамдарды таңдай алатын болу.
  • Жалған тісін қайда қойғанын ұмытып қалмайтын болу.

72 жасында.

  • Денсаулығы тым нашарлап кетпеу.
  • Көңіл-күйі көтеріңкі болу.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: shenghuo.net

5668 14
Рейтинг: +4

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 15 ақпан 2013, 12:36
Пікірлер
+0
15 ақпан 2013, 12:22

Енді бұны апа-әжелерімізден сұрамасақ... )

+0
15 ақпан 2013, 12:25

:lol: :lol: :lol:

+0
15 ақпан 2013, 12:26

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
15 ақпан 2013, 12:52

"82 жаста: өліп қалмау" деп қыртып кетсең е

+0
15 ақпан 2013, 12:57

уахаха кушти жазылыпты унады :D

+0
15 ақпан 2013, 13:09

:lol: :cry:

+0
15 ақпан 2013, 13:47

16жас жоқ бекен

+0
15 ақпан 2013, 18:27

мынауысы есейе келе алжып кетпеуге тырыс дегеннің астарлы мағынасы ғой :lol: :lol:

+0
15 ақпан 2013, 20:55

:lol: робот жігіт керек десенші

+0
15 ақпан 2013, 23:19

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
18 ақпан 2013, 10:40

Өте қызық екен :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...