Еркек кез келген әйелмен бақытты бола алады, тек сүйгенімен емес...

Еркек кез келген әйелмен бақытты бола алады, тек сүйгенімен емес...

Оскар Уайльд тек қана талантты жазушы, мықты ақын ғана емес, ұлы ойшыл саналады. Осының дәлелі болатын төмендегі ой-толғаулардың жүрегіңізден орын алатындығына сеніміміз мол.

Әйел мен еркектің арасында достық болмайды. Құмарлық, дұшпандық, махаббат – тек қана достық емес.

Өзіңмен өзің бол! Басқа рөлдер бос емес!

Біздің заманда адамдар бәрінің бағасын біледі, алайда ештеңені де бағалай алмайды.

Тұрмыс құрған әйелдің махаббаты – ұлы нәрсе. Ондай сезім әйелі бар еркектердің түсіне де кіріп шықпайды.

Еркек жүрегін жаулау үшін, әйел оның бойындағы ең нашар қасиеттерін ояту керек. Сен еркектен құдай жасап алсаң, ол сені тастап кетеді. Ал нашар әдеттерін оятсаң, оны жыртқыш етесің, саған жету үшін артыңнан қалмайтын болады.

Адамзаттың жасап келе жатқандығына мыңдаған жылдар болды, яғни, әйел мен еркектің арасында басқа ешқандай жаңа нәрсенің болуы мүмкін емес.

Еркектерді сынауға, талқылауға болады, ал әйелдерді тек қана мәпелеу, құрметтеу керек.

Еркек әйелді жақсы көргенде, оның әлсіздігін, мінез-құлқын, жетілмегендігін біледі және осы үшін одан да қатты жақсы көріп кетуі мүмкін. Себебі жетілмегендік қана махаббақа зәру, ал мінсіздерге махаббат қажет емес.

Менің талғамым – көнбіс. Маған ең жақсының өзі жетіп жатыр.

Барлық адамдар достарының қайғысына ортақтасады, алайда, санаулысы ғана жетістігіне қуанады.

Идеал еркек әйелмен құдайындай сөйлеседі, сәбидей еркелетеді.

Жақсы адам болу – өзіңмен бір мәміледе болу деген сөз.

Әйел кенеттен жеңілу арқылы жеңеді.

Бәрінен үйреніңіз. Ешкімге еліктемеңіз!

Мен өзімнің артымнан не айтылатындығын білгім келмейді – мен онсызда өзім туралы жоғары пікірдемін.

Кәріліктің трагедиясы – адамның қартаюында емес, оның жанының жас қалпында қалып қоюында жатыр.

Адамды құртқын келсе, қайтадан тәрбиелей баста.

Еркек кез келген әйелмен бақытты бола алады, тек сүйгенімен емес...

Әйел біріншісі жексұрын болғандығы үшін ғана екінші рет тұрмысқа шығады. Ал еркек біріншісін сүйгені үшін ғана екінші рет үйленеді. Әйел некеден бақыт іздейді, ал еркек өмірін картаға тігеді.

Еркек өзін әйел қолдап отырмайтын болса, ешбір жетістікке жете алмайды, ал әйелдер қоғамды басқарып отыр.

Еркек әрқашан әйелдің алғашқы махаббаты болғысы келеді. Ал әйелдер еркектің соңғы махаббаты болуды армандайды.

Өзінің жасын айтатын әйелген сенудің қажеті жоқ. Ондай әйел бәріне дайын.

Өмірде екі нағыз трагедия бар. Бірі – қалағаныңа қол жеткізе алмау, екіншісі – қол жеткізгенде...

Кеңес беру – әрқашан қателік саналады. Себебі, жақсы кеңес үшін сізді ешкім, ешқашан кешірмейді.

Өзіңе деген махаббат – мәңгілікке жалғасатын романның бастамасы.

Адам жаны кәрі болып туылады және уақыт өткен сайын жасара түседі. Бұл – өмірдің комедиялық тұсы. Адам тәні жас болып туылады және уақыт өткен сайын қартая бастайды. Бұл өмірдің – трагедиялық тұсы.

Аударған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com