Кәуапқа арналған қызанақ тұздығы

Кәуапқа арналған қызанақ тұздығы
Фото: vk.com

Жаз мезгілі басталып, табиғат аясына сейіл құрып, демалатын кез де келіп жетті. Саяхатқа шыққанда немесе саяжайда отбасыңызбен және достарыңызбен демалу кезінде жиі дайындалатын тағамдардың бірі — кәуап. Кәуапты дәмдірек ете түсу үшін түрлі тұздықтар қолданып жатамыз. Көп жағдайда тұздықтардың дайынын дүкеннен сатып алып, оның зияны туралы ұмытып кетеміз. Бүгінгі материалда өз қолыңызбен дайындауға болатын қызанақ тұздығын ұсынамыз. 

Қажетті азық-түліктер:

– 500 гр қызанақ;
– 3 тілім сарымсақ;
– 1 байлам аскөк немесе көк жуа;
– 50 мл зәйтүн немесе өсімдік майы;
– Ащы қызыл бұрыш немесе басқа да дәмдеуіштер;
– Тұз.

Дайындау жолы:

1. Қызанақты қабығынан тазарту керек. Оның қабығын жеңіл алу үшін қызанақ бетін пышақпен крест белгісінде тіліңіз. Содан соң қызанақтарды қайнап тұрған суда 5 минут шамасында ұстап, оларды бірден суық суға салыңыз. Нәтижесінде қызанақтың қабығы жеңіл алынатын болады. 

2. Қызанақты және аскөкті ұсақтап тураңыз. Сарымсақты езіңіз. Барлығын бір ыдысқа салыңыз. 

3. Дәміне қарай дәмдеуіштер қосыңыз. Май және аздаған тұз қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз.

4. Тұздық біртекті күйге енуі үшін блендермен араластырған жақсы. Кәуапқа арналған қызанақ тұздығы дайын.

А. Жапатова