Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Кәуап. Көкке шығамын десеңіз

Кәуап. Көкке шығамын десеңіз

Кәуап. Көкке шығамын десеңіз

Мамырдың мамыражай шақтары келе жатыр. Табиғатқа шығудың ең бір жақсы амалдары енді басталмақ. Көкке шыққандағы ең көп дайындалатын тағам – кәуап. Ал көбіміз кәуапты отқа күйдірілген ет деп түсінеміз. Ал расында тіпті де олай емес. Сонымен, қағаз-қаламыңызды ала отырыңыз...

Кәуапты маринадқа салу

Маринад етті өзгеше дәмді ету үшін пайдаланылады. Оның үстіне маринадқа салынған ет жұмсара түспек. Оның құрамында сірке суы (уксус), тұз және дәмдеуіштер бар. 

Егер қаласаңыз, күнбағыс майы немесе зәйтүн майын қоссаңыз әбден болады. 

 

Ең бірінші жасайтыныңыз: етті турап алу қажет, кейін оның бетіне жуа (пияз) салып, үстіне алдын ала дайындалған маринад құю керек. Маринад қосылған етті уақыт өтпей араластырып отыру қажет. Егер тауықтың еті болса, оны маринадқа салғаннан кейін 2-3 сағаттан соң-ақ қуыра беруге болады. Қойдың еті кем дегенде 4 сағат маринадталса дұрыс. Ал ең дұрысы – түнге қою.  

Маринадтау түрлері

Дәстүрлі маринад: сірке суы, тұз, ащы, дәмдеуіштер, өсімдік майы.

 

Айта кету керек, мұндай маринадтау түрін тек уақыт тығыз әрі басқа қоспалар жоқ жағдайда қолданған жөн, себебі сірке суы етті құрғатып жібереді.

Ащы маринад: йогурт, кайен бұрышы, лимон сусыны.

Қышқыл-сүтті: йогурт, сарымсақ, даршын немесе дәм қабық (ас дәмдеу үшін колданылатын кейбір тропикалық өсімдіктердің кептірілген хош иісті қабығы), кардамон (зынжабыл тұқымдас өсімдік).

Лимонды: лимон сусыны, зәйтүн майы, райхангүл, жалбыз (мята).

Орысша маринад: квас, жуа (пияз), бал.

Соялық маринад: соя соусы, оған майдалап туралған сарымсақ пен қытайдың бес бұрышы қосылады.

Осы айтылғандардан басқа да көптеген маринадтау түрлері бар. Ал қайсысы дұрысын сіз шешесіз. Әрине, талғамыңызға салып...

Кәуап қалай дайындалады?

Пикник болатын күні дайындалып қойған етті ошаққа қою керек. Сымдармен шаншылған етті ашық отқа емес, шоққа қойғаныңыз абзал, себебі от еттің бетін ғана күйдіріп, толық пісірмейді, ал шоқ қызуы еттің сырты мен ішіне бірдей қызу береді.  

Достарыңызды таңдандырамын десеңіз:

  1. Шампурға «тізімдеуде» ірілеу ет бөлшектерін орта тұсына орналастырғаныңыз абзал.
  2. Етті шаншымай тұрып, шампурды маймен сүртіп, отқа азын-аулақ қыздырып алыңыз.
  3. Еттердің арасына кәді (баклажан), жуа, қызанақ және тәтті бұрыш араластырып салсаңыз, дәмдірек болмақ.
  4. Ет қызып жатқан сәтте, шампурды айналдырып отыру қажет, себебі бір жағы пісіп, екінші жағы піспей қалуы мүмкін.
  5. Осы дайындау барысында дайындалған маринадты кәуапқа құйып отыру қажет.
  6. Кәуаптың дайын болғанын қалай анықтауға болады? Етті пышақпен кесіп көру керек. Егер одан алқызыл түсті сұйықтық шықса, онда әлі дайын болмаған. Түссіз сұйықтық оның дайын болғанынан хабар береді. Ал егер сұйықтық болмаса, кәуап бұзылған. Оны жеуге болмайды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: prelest.com

8161 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 29 сәуір 2013, 19:38
Пікірлер
+0
30 сәуір 2013, 07:05

өте керек кеңестер, рахмееет!!! жігіттер жазып, жаттап алсыншы, кәуап дұрыс піспей, жей алмай қайтатын кездерім көөөөп болған!

+0
30 сәуір 2013, 10:31

ооо шашлықтар кезеңі басталады!!!

+0
30 сәуір 2013, 10:39

өзің маринадтаған дұрыс,дайынын сатып алғанша, керек кеңестер, рахмет!

+0
30 сәуір 2013, 11:11

Өз қолыңмен жасалған кәуаптан дәм тату керек енді :D

+0
30 сәуір 2013, 15:41

Жаңа ғана осыны әңгіме қылып ем, қатты жегім келіп отыр

+0
30 сәуір 2013, 15:44

Жасап беремін өзім, тәп-тәтті етіп жасаймын бір кісілер сияқты етіп :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...