Құлпынай жапырақтарын тастамаңыз

Құлпынай жапырақтарын тастамаңыз
Фото: www.uamodna.com

Құлпынай жидегі адам денсаулығына пайдасы мол. Ол жүрек-тамыры ауруларының алдын алады және қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтады. Құлпынайдың балғын шырыны тісті ағартады, ал құлпынай маскалары бет терісінің барлық түріне жақсы әсер береді. Бүгінгі материалда құлпынайдың жаңа пайдалы қасиетін білесіздер.

Құлпынайдың бұл қасиеті бұрыннан халықтық медицинада қолданылып келеді. Құлпынай жидегінің өзімен қоса, оның жапырағы да пайдалы. Біз сол жапырақтарына мән бермей, лақтырып тастаймыз.

Құлпынай жапырағынан дайындалған шай

Құлпынайдың кептірілген жапырақтарын қарапайым шай түйіршіктерімен араластыруға немесе бөлек қайнатуға да болады. Мұндай шай жалбыз шайы секілді ағзаны тыныштандыратын әсерге ие. Сонымен қатар, мұндай шай бүйрегі ауыратын адамдарға өте пайдалы.

Құлпынай жапырақтарынан тұнба

1 шай қасық ұсақталған құлпынай жапырағына 1 стақан қайнаған су құйып, бірнеше минут қайнатып, тұндырып қойыңыз. Ісік ауруларын алдын алу мақсатында осы тұнбаны күніне 3 рет ішу ұсынылады.

Құлпынай жапырақтарынан дайындалған маска

Құлпынай жапырақтарын блендермен араластырып, пюре етіп езіңіз. Нәтижесінде, жасартатын тиімді маска пайда болады. Ол теріні балғын етіп, ұсақ әжімдерді тегістейді.

Құлпынай жапырақтарын шашқа қолдану

Құлпынай жапырақтарынан шаш түсуіне қарсы құрал дайындауға болады. Ол үшін сұлы қауызын (овсяная хлопья) аздаған сумен араластырып, оған езілген құлпынай жапырақтарын қосыңыз.  Осы ботқаны шашқа жағып, 30 минут шамасында ұстаңыз. Оны аптасына 3 рет қолданған жөн. Шашыңыз түсуін тоқтатып, берік болады және көлем қосылады.

Құлпынай жапырақтарын сусамырға (диабет) қарсы қолдану

Құлпынай жапырақтарынан құнарландырылған шай дайындаңыз. Әр тамақтанып болған сайын 1 стақан шайдан ішіңіз. Бұл шай қан құрамындағы қантты реттейді. 

А. Жапатова