Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Бізге 1 жыл! / Сіз білесіз бе? Массагет порталының бір жылдық санағы

Сіз білесіз бе? Массагет порталының бір жылдық санағы

Сіз білесіз бе? Массагет порталының бір жылдық санағы

16 желтоқсан күні жұмыс жасағанына бір жыл толатын Массагет порталының бір жылдық есебін ұсынамыз. (Санақ 12-12-2012 күні жүргізіліп отыр).

Массагет порталында 9 айдар мен "Блогтар", "Бірге аударайық", "Форум" бөлімдері бар екені белгілі, оған қосымша маңызды мерекелерде арнайы жобалар жұмыс істейді. Осыған дейін Жаңа жыл, 22 НАУРЫЗ15 СӘУІР9 МАМЫРЕуро-2012Лондон-2012 арнайы жобалары ашылған болатын. Қазір порталымыздың бір жылдығына орай ашылған Бізге 1 жыл! арнайы жобасы жұмыс істеуде. 

Осы кезге дейін 9 айдарға 6475 материал жарияланды. Оның 46-сын портал оқырмандары жолдады. 

Массагет порталының шымылдығын түрген алғашқы үштік:

Айдарларда ең алғаш болып жарияланған материалдар:

Массагеттегі ең алғашқы сұхбат Әсел Сағатовадан алынды.

Массагеттегі ең көп қаралған үш материал:

Қызу талқыға салынған қызықты материал деп жігіттер мен қыздардың мәңгілік текетіресі жайлы жазылған жазбаларды айтар едік. Жігіттердің шабуылдары мен оған қыздардың айтқан жауаптары естеріңізде шығар? Сондай-ақ қызықты жазбалар тізіміне Апта кеңесі мен Келер аптаның 7 ісінI-dos жазбаларын қоса аламыз.

Бүгінде бір күнде орта есеппен 36 материал тұрақты түрде шығып тұрады. 

Блог

Блогтардың тақырыбы әрқилы. Студенттер, мектеп оқушылары, жалпы жастар блогтың белсенділері. Әу бастан-ақ аудиторияны осы жас шамасына негіздеген едік. Бұл тұрғыда жоспарымыз іске асып келеді.

Осыған дейін 3892 блог жазылды. 

Блогтардың шымылдығын түрген алғашқы үштік:

Байқап отырғандарыңыздай, Массагеттегі ең алғашқы блог: Қыздарға әсемдік жарасады... Авторы: Айнара Байжан.

Ең көп көрілген блог:

Жаңа клип! Қабыл алыңыздар! (Авторы: "Меломен" тобының мүшесі Жігер)

Орта есеппен бір күнде 10 блог жазылады. 

 

Бірге аударайық

"Бірге аударайық" бөлімінің өз аудиториясы жиналды. Корей сериалдарының фанаттары "Бірге аударайықтың" тұрақты қолданушылары әрі жанашырлары. Жанашыр дейтін себебіміз, қолданушыларымыз бүгінде сериалдар мен бейнебаяндарды аударуға белсенді түрде атсалысып отыр. Осы күнге дейін 6 сериалдың толық аудармасы мен 4 телехикая жарық көрді, ал аударылған әндер саны 60-қа жетті. 

Ең көп көрілген - "Менің сүйіктім" сериалының 1-бөлімі. Ол 7030 рет қаралды. "Күміс жүлде" 4938 рет көрілген "Таңғажайып баққа" (1-бөлім) кетсе, қаралым жағынан үздік үштікті 4893 рет қаралған "Жүрегімде қалған күз" (1-бөлім) қорытындылап тұр. 

Форум

Форумда айдарларға байланысты тақырыптар жүйеленген. Форумға қалдырылған барлық хабарламалар саны: 11296. Форумға тіркелген қолданушылар: 3489.

Форумда ең көп талқыланған үш тақырып:

Порталымызға жалпы саны 75866 пікір қалдырылды.

Ең алғашқы пікір Қайреке Серікұлына тиесілі. Ол Apple iPad2 жазбасына 2011 жылдың 20 желтоқсанында қалдырылған екен. "Ақша түссін, сатып аламын" депті. 

Google Analytics бойынша, бүгінде порталымызға орта есеппен бір күнде 10 мыңнан аса адам кіріп отыр. 

Жақында жарияланған конкурсқа үздіксіз жолданып отырған жазбаларға қарап отырып-ақ, портал өз аудиториясын жинады деп ойлаймыз. Бұл бізге үлкен шабыт береді. Порталдың өсуіне сайт қызметкерлерінің ғана емес, қолданушылардың да қосқан үлесі орасан зор. 

Алда да Массагет порталы осы қарқынмен жұмыс жасай бермек. Құрған жоспарларымыз көп. Массагет.кз - өз таңбаңды қалдыр! 

Мейіргүл Оңғарова

Сурет: goodfon.ru, favim.ru, novatek.com.ua

3068 24
Рейтинг: +12

Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 13:40
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2012, 13:31

Кәдімгідей бір жылдық тарих та жиналып қалыпты)))

+0
12 желтоқсан 2012, 13:36

бәрі көз алдымнан өткендей болды, білмейтінім көп екен! Рахмет, Мейіргүл)

+0
12 желтоқсан 2012, 13:44

)))))))))))) Ақша түссін сатып аламын!

+0
13 желтоқсан 2012, 17:43

Айпадтың орнын ноут басты

+0
12 желтоқсан 2012, 13:45

Массагет.кз - өз таңбаңды қалдыр!

+0
12 желтоқсан 2012, 13:55

Алғашқы жазбаның авторы, Массагеттің ірге тасын қалаушы Айнарамен неге сұхбат жоқ?)

+0
12 желтоқсан 2012, 15:40

соны айтам! :o

+0
12 желтоқсан 2012, 13:57

олимпиада кезiнде коп кирди колданушылар

+0
12 желтоқсан 2012, 14:00

Алғашқы материалдарды қалай жазғанымыз еске түске жылағым әрі күлгім келеді)))

+0
12 желтоқсан 2012, 14:17

тарих қой мынау :)

+0
12 желтоқсан 2012, 14:20

Махаббат өлеңдеріне неге құмар екен адамдар :)

+0
13 желтоқсан 2012, 17:44

ну...

+0
12 желтоқсан 2012, 14:29

Күшті есепнама екен

+0
12 желтоқсан 2012, 14:50

Құдоой ау, кәдімгідей тарихы бар кішкентайдың! Иии жаным, массагет! :)

+0
12 желтоқсан 2012, 15:43

Массагеттегі алғашқылардың көбі менімен байланысты екен. :ugeek: Алғашқы жазба, алғашқы сұхбат. Әсел Сағатовадан телефонмен алған сұхбатым еді... Жігердің ең көп көрілген блогын да бірге жаздық. Айтпақшы, клипті жүктеуге Қайыржан көмектескен! :)

+0
12 желтоқсан 2012, 17:47

:shock: :shock: керемет!

+0
12 желтоқсан 2012, 18:08

мәссаған! Біраз нәрсе болып қалыпты 1 жылдың ішінде! керемет!

+0
12 желтоқсан 2012, 19:10

өзіме ұнайтын сайт

+0
12 желтоқсан 2012, 22:39

Массагетке алғаш аттаған қадамым осы еді, алғаш көрген материялым да осы. жұрт мақтайтын. не де болса Массагеттін омірі узак болсын.

+0
13 желтоқсан 2012, 02:08

мұндай таза қазақша порталдар өте аз...

+0
14 желтоқсан 2012, 11:05

шынындада үйренетіміз көп екен, Туылған күніңмен МАССАГЕТ!!!! Жасай берсін!

+0
15 желтоқсан 2012, 10:10

Рахмет сіздерге массагет!

+0
15 желтоқсан 2012, 12:09

ен коп пикир жазатын блогер Анар

+0
20 желтоқсан 2012, 13:24

Осы сайт мен ушин ашылгандай, осындай сайт Нурилага керек деп билип, ашкан сияктысыздар. Коп нарсе билип, уйрениа калдым. Рахмеееет!!! :P

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...