- Негізгі бет
- Жұлдыз FM
- Еркін Нұржанов нені...
Еркін Нұржанов нені ұнатады?
Massaget.kz порталында психологиялық сауалнамалар өте көп. Адамды тану, оның ерекше қабілетін бағалау үшін сондай мақалалардың пайдасы зор. Біз өз кезегімізде сайтта жарияланған психологиялық сауалнаманы бүгінгі қонағымыз Еркін Нұржановқа ұсынып көрдік. Сіз де көрсетілген сілтемеге өтіп, өзіңізді тексеріп көрсеңіз болады.
Сүйікті фильмі: «Махаббат бекеті»
Махаббат, сезім туралы романтикалық жанрды ұнататындар әдетте романтик болады. Әдетте романтик жігіттер бұл қасиетін көрсетуге ұялады. Сүйіктісін жадыратар ерекше тосынсый ұсынсам, ақымақ болып көрінемін бе деп қорқады. Бірақ мүмкіндігінше аяулысына көңіл бөледі. Оның бұл қасиетін бағалау керек.
Сүйікті түсі: қара
Қара түсті ұнататындар өзі мойындамаса да, қоршаған ортаның қамқорлығына зәру. Жалғыздықтан оңай құтылады. Кейде жай ғана ешкім мазаламайтын жерде болғанды ұнатады. Өзіндік пікірі бар, әрі сол пікірімен өзгелерден ерекшеленеді. Бойын ашу кернеген сәтте ұстамдылық танытады.
Сүйікті жемісі: қарбыз
Қарбызды жақсы көретін адамдар – өте байсалды, байыпты, оңы мен солын жақсы танитын жандар. Ерекше сезімтал. Әдемі заттарға қызығып қана қоймай, талғамы да өте сапалы. Олар көп жағдайда суретші, музыкант болады. Өмірге оңай қарайды, әркез көңілді, еш уақыт уайым-қайғыға салынбайды. Басқалармен тілдескенді, оларға көмектескенді де ұнатады.
Берілген суреттен Еркін Нұржанов 5-нөмірлі орындықты таңдады. Сипаттамаға сәйкес бұл – «Сыншы» орындығы. Ол талғампаз және өте жақсы тәрбие көрген. Күні бойы қонақтың көңілін аулап, қызықты әзілдермен жүзіне күлкі сыйлап отыра алады. Барлығы оны біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайды. Кез келген нәрсенің сапалысын таңдайды, ең жақсысын ғана алғысы келеді.
Ал мына алмалардың ішіндегі бесіншісі бүгінгі қонағымыздың таңдауында болды. Демек ол өмірге дән риза. Тосын оқиға іздеудің қажеті жоқ, әдеттегі, бірсарынды өткен күннің өзі оған шаттық сыйлайды. Әр күннің иісін, түрін, дыбысын, дәмін ғажайыптай сезінеді. Үйреншікті дағдының өзін ерекшелендіруден рахат табады. Өмірдің әр сәтінен мағына тауып, әр минутты алтындай қадірлейді.
Ал мына жолдардың бесіншісін таңдады. №5 жолдың сипаттамасында «Сіздің есігіңіз барлығы үшін ашық. Шынайы сұлулық пен жүрек тыныштығы өте маңызды. Мақсат пен оған жету жолына да қызығасыз. Ағыспен жүзіп, қандай жағдай болса да, тұрақтылықты таңдайсыз. Жанжалдың алдын алуды білесіз» деп көрсетілген екен.
Г. Берік