Қай алманы таңдайсыз? Тест #2

Қай алманы таңдайсыз? Тест #2
Фото: fonstola.ru

Психологтар әр күн сайын адамның жүріс-тұрысына, таңдауына, талғамына қарап, мінез-құлқын, болмыс-бітімін анықтаудан жалыққан емес. Бұл таңдау да өзіңізді өзіңіз тануға, жан дүниеңізді ұғынуға көмегі тиеді. Суретте көрсетілген қай алманы таңдар едіңіз?

БАСЫ

№4 алма
Сіз өте сенімдісіз. Тұрмыстың кез келген сынағына байыппен қарап, пайымды пікір қалыптастырасыз. Өн бойыңыз сабырлылық пен ұяңдыққа тұнып тұр.

Сөйлегенге қарағанда, тыңдағанды артық санайсыз, осы тепе-теңдікті бұзбайсыз. Сізге сенім білдіргендер, жетелеген жағыңызға ере береді. Сізбен бірге суға да, отқа да түсуден тайынбайды. Бастысы сіз оны батырмай да, күйдірмей аман алып шығатыныңызды жақсы біледі. Сізге рахат сыйлайтыны – бір шыны ыстық алма шарабы (сидр). Қолдан жасалған болса, тіптен жақсы.

№5 алма
Сіз өмірге дән ризасыз. Тосын оқиға іздеудің қажеті жоқ, әдеттегі, бірсарынды өткен күннің өзі сізге шаттық сыйлайды. Әр күннің иісін, түрін, дыбысын, дәмін ғажайыптай сезінесіз. Үйреншікті дағдының өзін ерекшелендіруден рахат табасыз.

Өмірдің әр сәтінен мағына тауып, әр минутты алтындай қадірлейсіз. Табада қызып тұрған алма құймағын тым жақсы көресіз.

№6 алма
Сіз асқан ақылды жансыз. Миыңыз тоқтаусыз жұмыс істейтін зерек кісі сіздей болады. Барлығын іс барысында ойша елестетіп, тез шешім шығара білесіз. Аса тіл табысқыш болмасаңыз да, қажет жерінде кез келген адаммен оңай араласып, өмірсүйгіштік қасиетпен таныласыз.

Өзгелер сізді көпшілік ортаның адамы санатына қосады, ал сіз, сәйкесінше, олардың ішін пыстырмай, көңілін көтеруге қабілеттісіз. Қызқы мінезділік те, зияткерлік те бір бойыңызға үйлескен. Уылжып піскен фермерлік алма жаныңызға рахат сыйлайды. Қарапайым әрі дәмді.

@. @assel_assanova