Жұлдыз FM радиосы Жаңа жылдық құттықтауға шақырады

Жұлдыз FM радиосы Жаңа жылдық құттықтауға шақырады
Фото: Жұлыдз FM

Жылдың үздік радиосы атанып, «Халықтың сүйіктісі» жүлдесін еншілеген "Жұлдыз FM" радиосы тағы да тыңдармандарын жаңа жылдық мерекеге арналған жобасымен қуантып отыр.

Сіз мұнда жаңа жылдық құттықтауыңыз бен ыстық лебізіңізді жазып емес, 8 771 990 78 28 нөміріне WhatsApp арқылы өз даусыңызбен (голосовое сообщение), туыс-туғандарыңызды, сүйіктіңізді құттықтап, тілек жолдай аласыз. Дауысты алдымен телефоныңыздағы диктофонға жазып алып, жолдағаныңыз жөн. Мысалы: "Мен, (аты жөніңіз, тұрғылықты жеріңіз) барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Қысқаша тілегіңіз." Ең бастысы құттықтауыңыз 30 секундтан аспауы тиіс. Жолдаған құттықтауларыңыз бен тамаша тілектеріңізді еліміздің Жаңа жыл мерекесі қарсаңында (30-31 желтоқсан, 1-2 қаңтар) Жұлдыз FM радиосынан тыңдай аласыздар!

Құрметті оқырман, өзіңіздің атыңыздан және өз даусыңызбен өз Еліңізді, жақын жандарыңызды құттықтау мүмкіндігінен құр қалмаңыздар!

Н. Үсенова