Жазира Байырбекова"Жұлдыз FM" радиосына қонаққа келеді

 Жазира Байырбекова"Жұлдыз FM" радиосына қонаққа келеді
Фото: www.elarna.com

9 желтоқсан күні "Жұлдыз FM" радиосына әдемі әнімен көпшілікке танылып үлгерген белгілі әнші Жазира Байырбекова қонаққа келеді.

Сағат 20.00-де Махаббат Базарбайқызының жүргізетін «Жұлдыз бен жұлдыз» бағдарламасына әнші қыздарыңыз Жазира Байырбекова келеді. Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұптардың бірі — Жанболат пен Жазира «Сүйгеніңді бағала», «Біз ғашық жандармыз» әндерімен елге танылған еді. Өнерде де, өмірде де үйлесім тапқан бұл жұп бүгінде еліміздің сүйікті әншілері, бақытты жұбайлар, нағыз қазақы отбасының жарқын үлгісі.

Құрметті оқырман, Жазираға қояр сұрақтарыңыз бен айтар тілектеріңіз болса, сағат 20.00-де болатын «Жұлдыз бен жұлдыз» бағдарламасын жіберіп алмаңыздар!

Н. Үсенова