Бүгін Жұлдыз FM-де Намгар тобы қонақта болды

Құрметті Жұлдыз FM тыңдармандары бүгін бізде өте ерекше қонақ болды. Ол аты шулы, сонау Бурятия елінен келген Намгар ұжымы! Радио ұжымы мұндай атақты топты қуана қарсы алып, қызықты да мәнді әңгіме-дүкен құруға тырысты. Әңгіме кезінде өздерінің бүгінгі концертке ерекше дайындалып келгендерін жеткізді. Достар, әлемді өз аузына қаратқан әртістер бүгін кешкі сағат 20-00-де Алматы Towers ғимаратында өтетін концертте тағы да бір рет өз өнерлерімен көрермендерді қуантпақ.