"Жұлдыз FM" радиосы ресми түрде эфирге шықты

"Жұлдыз FM" радиосы ресми түрде эфирге шықты
Бүгіннен бастап ресми түрде эфирге шыққан Жұлдыз FM радиосы Қазақстанның 18 қаласында таралады. Радио атауы жастарға бағдар болар деген ниетте қойылды. Жұлдыз FM радиосының эфирінен кез кеген тыңдарман өмірдегі, музыка мен мәдениеттегі ең маңызды, қызықты да қажетті дүниелерді таба алады. Ең бастысы музыкаға деген талғамы жоғары жандар да өз керегін тауып, құлаққа жағымды, әсерлі қазақ музыкасын тыңдай алады. Қазақстан халқы үшін қызмет ететін "Жұлдыз FM" радиосы алда өзінің танымдық, қызықты бағдарламаларымен тыңдарман көңілінен шығады деген сенімдеміз. "Жұлдыз FM" толқынында болыңыздар!
Ж. FM