- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Талапкер назарына: География...
Талапкер назарына: География пәні негізіндегі мамандықтар туралы
Massaget.kz порталы оқырмандарының бірі сайт ұжымынан қаржы мамандығы мен география пәні бойынша неліктен грант саны аз бөлінетіні туралы ақпарат беруді сұраған болатын. Сұранысқа орай біз мынадай ақпаратты ұсынамыз.
5В050900 – Қаржы мамандығы бойынша бітірушілерге Қаржы бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Қаржы мамандығы қоғамдағы қаржылық қатынастардың жүйесін, оның даму зандылықтары мен негізгі бағыттарын, қаржылық шешімдердің әдістерін талдайтын және түсіндіретін ғылым.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор роль атқарады. Қаржы – нарық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осыған орай қаржының әлеуметтік экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс әрекет етуші ерекшеліктерін терең ұғынудың, экономиканы ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржыны неғұрлым толық пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудың маңызы зор.
Жалпы география пәнін негізгі бағыт етіп алған талапкерлерге қажет болатын гранттар саны жыл асып азайып келеді. Себебі, Білім және Ғылым министрлігінің қаулысы бойынша қазіргі кезде техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға көптеп мән беріліп келеді. Айта кетсек, 2012 жылы жалпы географияға қатысты мамандықтарға 1536 грант бөлінге болса, келесі жылы аталған сандық көрсеткіш 150 грантқа кеміген. Биылғы жылы да нақты осы бағаммен кеміп отыр. Дегенмен, бұл статистикалық ақпарат грантты ұтып алудың мүмкіндігінің қиындай түскенін білдірмейді. Себебі, талапкерлер жыл сайын грант көп бөлінген мамандықтарған ұмтылып келеді. Демек, сіздің география бойынша таңдаған мамандығыңызға да грантқа түсу айырымы барлығымен тең келеді.
Төмендегі кестеде ағымдағы жылдың грант саны мамандықтар бойынша көрсетілген:
№ | Мамандық шифры | Мамандық атауы | Қазақ бөлімі | Орыс бөлімі |
1 | 5В050600 | Экономика | 36 | 19 |
2 | 5В050700 | Менеджмент | 26 | 14 |
3 | 5В050800 | Есеп және аудит | 36 | 19 |
4 | 5В050900 | Қаржы | 36 | 19 |
5 | 5В051000 | Мемлекеттік және жергілікті басқару | 29 | 16 |
6 | 5В090200 | Туризм | 185 | 100 |
7 | 5В060900 | География | 57 | 31 |
8 | 5В061000 | Гидрология | 42 | 23 |
9 | 5В071100 | Геодезия және картография | 91 | 49 |
10 | 5В090500 | Әлеуметтік жұмыс | 36 | 19 |
11 | 5В051400 | Қоғаммен байланыс | 26 | 14 |
Аталған мамандықтар ретінен Туризм мен Қаржы мамандықтарына арналған гранттар саны артқан.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.telegraph.co.uk
Талапкер назарына: "Менеджмент" мамандығы
Талапкер назарына: "Халықаралық қатынастар" мамандығы туралы
Талапкер назарына: "Екі шет тілі" қандай мамандық?
Талапкер назарына: Филология мамандығы туралы
Талапкер назарына: Инженер деген қандай мамандық?
Ж. Өрісбай