- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Талапкер назарына: "Халықаралық...
Талапкер назарына: "Халықаралық қатынастар" мамандығы туралы
Қазіргі таңдағы әлемдегі туындап отырған өзекті мәселелердің себептерін түсіну үшін олардың құрылымын қарастырған жөн болар. Әсіресе, халықаралық қатынастардың дамуының заңдылықтарын, белгілі бір мемлекеттердің сыртқы және ішкі сыртқы саясатын білу аса маңызды. Бұл міндет халықаралық қауымдастықта өзіндік рөлге ие болуға ұмтылған. Себебі елдердің өткеніне көз жіберу арқылы біз мемлекетке сол халықтардың дипломатиялық іс-тәжирибесін қолдануға машықтанамыз.
Халықаралық қатынастар - әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану процесінің қарқынды дамуын реттеп отыратын болашақ дипломаттар. Бүгінгі халықаралық қатынастар экономикалық негіздерді, әлемнің материалдық базасындағы елеулі өзгерістердің бөлімдерін қалыптастыратын жаңа әлемдік еңбек бөлінісі.
Оқу әдістемесі: халықаралық қатынас мамандығы халықаралық қатынастар туралы теориялық ұғым жиынтығы ретінде қарастырылады. Берілген пән шеңберінде студенттердің алдында алған білімдерін жүйелендіреді және талдауға салады. Дәріс оқу барысында деректі бейне таспалар, дипломатиялық кездесулерден үзінділер, қақтығысты аймақтардың мәселелерін шешу жолдарына қатысты көрнекті құжаттарды пайдаланады. Тәжірибе сабақтарында студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында пікір сайыстар ұйымдастыру, келіссөздерді ойын ретінде жүргізу, қысқаша баяндамалар, сұқбат алу негізінде өткізу, жіберілген қателіктермен жұмыс жасау қарастырылады.
Халықаралық қатынастар тарихы мамандығы бойынша оқу дәрісі кезінде студент төмендегі мәліметтермен танысып шығады:
- халықаралық қатынастарды зерттеуде қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды;
- халықаралық қаынастар жүйесін, оның басты құрылымдық сипатары мен қалыптасуының заңдылықтарын;
- әлемдік тарихтың бірінші дүниежүзілік соғыстан бергі даму кезеңдерін;
- халықаралық қатынастардың жалпы әлемдік саяси және мәдени үрдістерге ықпал ету дәрежесін.
- игеруге:
- халықаралық қатынастар тарихының дамуына сараптама бере алуды;
- батыс пен шығыстың тарихи кезеңдерін талқылай білуді;
- әр елдің халықаралық қатынстарда алатын орнын салыстыра білуді;
- студенттерді халықаралық қатынастар тарихы бойынша қажетті деректер мен әдебиеттердің қорын топқа бөліп, қолдануға бейімдеуді.
Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша кадрларды даярлау мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
- - бейінді;
- - ғылыми және педагогикалық.
Бейінді даярлау кезінде, магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің объектісі мыналар болып табылады:
- - аналитикалық орталықтар;
- - халықаралық қатынастар, сыртқы саясат, мемлекет аралық байланыстар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер;
- - халықаралық ұйымдар, институттар, қорлар;
- - ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар);
Ғылыми және педагогикалық даярлау кезінде:
- - жоғары оқу орны;
- - ғылыми-зерттеу мекемесі;
- - аналитикалық орталықтар;
- - халықаралық қатынастар, сыртқы саясат, мемлекет аралық байланыстар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер;
- - халықаралық ұйымдар, институттар, қорлар;
- - ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар);
Халықаралық қатынастар мамандығын оқытатын университеттер:
- Абылай атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университеті;
- "Қазақ гуманитарлық-заң Университеті";
- Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті;
- Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті;
Жоғарыдағы ЖОО-ы халықаралық қатынастар мамандығын оқытатындарының толық тізімі емес, бұдан бөлек басқа да бірнеше оқу орындары білім береді. Халықаралық қатынастар мамандығының мемлекеттік грант иегері атанамын деушілер кемінде "Алтын белгі" бола отырып, ҰБТ-дан 91 балл жинауы тиіс. Алайда бұл өткен жылдың көрсеткіші болып табылады.
Оқи отырыңыз:
Талапкер назарына: Филология мамандығы туралы
Талапкер назарына: "Екі шет тілі" қандай мамандық?
Талапкер назарына: Инженер деген қандай мамандық?
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Н. Нұрмаханұлы