Шыбындар өлім себеді

Шыбындар өлім себеді

Естеріңізде болса, қыс патша билігін қолына алып, билігін енді ғана орната бастағанда "Шыбындар, қайда кеттіңдер?" деген тақырыпта сөз қозғаған болатынбыз. Осы тақырыпқа тағы да бір рет тоқталып кетуге қалай қарайсыз? Бірақ, бұл жолы оларды іздемейміз! Онсыз да бірер айдан кейін мазаңызды алатын болады. Айтпағымыз олардан келетін қауіп туралы.

Симулидотоксикоз - шыбын-шіркейдің шағуынан пайда болатын уландырғыш-аллергиялық сырқат. Бұл көбіне қара шыбындардың шабуылынан пайда болады. Олардың адамды немесе жан-жануарды қатты тістеп алатындығы соншалықты, олардың сілекейі өлімнің себепкері болуы мүмкін.

2010 жылы Луизианадағы (АҚШ) зоологиялық медицина факультетінің бөлімшесіне 20-ға жуық терілеріне майда-майда қан қатқан құс келіп түседі. Олардың жартысына жуығы сол жерде өліп кеткен. Қойылған диагноз - қара шыбынның шағуы.

Бұл жәндіктер өзенді жерлерде, өсімтал паразиттерді мекендейді. Адамды шаға қалған жағдайда, қатты ауру тудырып, соқырлыққа алып баруы мүмкін. Тіпті өлім себуі де ғажап емес.

Олардың сілекейлерінде неше түрлі қауіпті улар бар екендігі анықталған. Сондықтан, шыбындармен дос болудан қашыңыз демекпіз!

Суреттер:mainfun.ru 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева