- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- «Марс тұрғыны» фильмінің...
«Марс тұрғыны» фильмінің ғылыми негізі #2
Голливудтың «Марс тұрғыны» фильмі осыдан бір апта бұрын әлемдік прокатқа шықты. Кино өндірісінің сыншылары аталған фильмнің сәтті түсірілгенін айтады. Ал ғылыми тұрғыдан қарасақ, мұнда кейбір қателіктерге жол берілгенін байқаймыз.
Негізгі мамандығы бағдарламашы болған америкалық Энди Уир «Марс тұрғыны» кітабын жазу үшін үш жыл уақытын жұмсаған. Ол сол уақытта астрономия, физика және биологияны тереңінен оқып, кітапты сюжетін ғылыми-фантасика жанрына бейімдеуге тырысқан.
NASA ғалымдары «Марс тұрғыны» фильмін ғарыш саласына қызығушылық танытқан әуесқойларға арналып түсірілгенін айтады. Себебі картинадағы сюжетте шындыққа жанаспайтын эпизодтар көп кездеседі. Мысалы, шаңды боран (Қызыл ғаламшарда атмосфера жоқ), радиациядан қорғану (Марстағы радиация күші теріде пайда болатын қатерлі ісікке алып келеді) т.б.
Алыс сапар
Фильмде көрсетілген аппараттардың басым бөлігі қазіргі кезде NASA зертханаларында дамытылып жатыр. Тек кейбір зымыран құрылымдары әзірге теориялық жоба ретінде тіркелген. Айта кетсек, бүгінгі таңда ғалымдар алыс сапарға ұша алатын зымыранның құрылымын дайындауды мақсат етіп отыр.
Скафандр
Ваакумда скафандрмен қозғалу салыстырмалы тұрғыдан белгілі бір қиындықтарды тудырады. Мысалы, арнайы киім жердегі атмосфераның күйін қалыпты сақтау үшін ауа қысымын ішкі айналымда ұстап тұрады. Скафандр екі жақты қысымның әсерінен қатты тығыздыққа ие болады. Содан кейін бұл процесс адамның қозғалысын қиындатып жібереді. Ал фильмде ғарышкерлердің емін-еркін қозғалысқа жүргенін көреміз.
Бұл мәселе NASA агентігінде әзірге дейін талқыға салынып келеді. Америкалық ғалымдар бармақтарды жылдам қозғалту үшін ыңғайлы қолғап матасын жасауды ойластырып жатыр.
Ж. Өрісбай