- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Логистика дегеніміз не?...
Логистика дегеніміз не?
Жақұтбек есімді оқырманымыздың сұранысына сәйкес, назарларыңызға логистика жайлы жазбамызды ұсынамыз.
Логистика – корпорация, компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен айналысатын сала. Ол тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылар бірлесуін қамтиды. Логистика саласына жер, әуе, құбыр жүйесі, кеме, темір жол секілді тасымалдау көлік түрлерін жатқызамыз. Мақсаты: қысқа мерзімде жеткізу, мүліктің сапасын жоғалтпау және өндірістік қуатты жоғарғы деңгейде пайдалану.
Шынын айту керек, Қазақстан көлік инфрақұрылымының қойма шаруашылығы, қызмет көрсетуінің төмен деңгейде болуы, мамандарға тәжірибенің жетіспеушілігі сарапшылар тарапынан төмен баға алды. Алайда үлкен даму мен серпілістер де жоқ емес. Мысалы, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі мен «ЭКСПО-2017» жобасы осы логистика саласын дамыту негізінде жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ 2013 жылы маусым айының он екінші жұлдызында өткен Қазақ-Неміс логистика Форумы Қазақстан мемлекеті отандық өндірісінің көлік құрылымын дамытуға үлкен мүмкіндіктері бар екендігін көрсетті.
Қазақстанның логистика жүйесі күрделілігімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда өнеркәсіп орындары алыс қашықтықтағы қолданушыларды тауарлармен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмай келеді. Сол себептен де осы логистика мәселесін шешетін компаниялар: тасымал, өнімді қысқа мерзімде жеткізу, заттың сапасын жоғары дәрежеде сақтап, ешқандай зақымсыз, көзделген жерге жеткізу секілді міндеттемелерді орындауы қажет. Мұндай мәселелерді реттеу үшін жоғары дәрежелі мамандар дайындап, ішкі нарықтың коммуникациялық байланыс түрлерін бір жолға қою керек.
Осыған орай, үкімет басшылары 2010 жылдан бастап логистика саласын дамыту шарасы ретінде күрделі жобалар ұсынып, соны жүзеге асыру барысында мамандар мен тасымал жұмыстарымен айналысатын компанияларға семинар, курс, тренинг сабақтарын өткізіп, оны тәжірибе ретінде жүзеге асыруға қолдау білдіріп келеді.
Бүгінде еліміздің көлік-логистика саласындағы маман дайындау ісінде кейбір ауыртпалықтар туындап отыр. Дәлірек айтсақ, бүгінгі білім беру жүйесі дайындаған мамандар жұмыс берушілер талап етіп отырған үдеден шыға алмауда. Бұл еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқты. Кәсіби-техникалық білім берудің қазіргі маман даярлау жүйесі қажетті деңгейдегі мамандарды әзірлеуге мүмкіндік бермейді. Бұл жаңа бағыттағы кәсіби мамандықтарды даярлауға деген сұраныстың барлығын көрсетеді. Мемлекеттік органның бекітуімен көлік және логистика саласында біліктілік деңгейін арттыратын бірыңғай орталық құру қажеттілігі туды. Екі салалық қауымдастықтың базасында біліктілікті айқындайтын тәуелсіз орталық құру жөнінде мемлекет басшысының тапсырмасы да бар. Көлік-логистика саласындағы негізгі үдерісті ескере отырып, аймақтық еңбек нарығындағы кадр сұранысының бүгінгі түйіткілі, сапалы маман даярлау ісі, жұмыс берушілер мен оқу орындарының өзара байланысы талқылануда.
Оқи отырыңыз:
Білім беру жүйесінің ТОП-20 рейтингі
Хиросима мен Нагасаки: Қолдан жасалған апат
Әлем жастарының Түркияда оқудағы мақсаты не?
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Н. Нұрмаханұлы