- Негізгі бет
- Хабарландыру
- Білім беру жүйесінің...
Білім беру жүйесінің ТОП-20 рейтингі
Жыл сайын Нью-Джерси Білім Беруді Дамыту Мониторингтік орталығы әлемнің ТОП-20 рейтингін анықтайды. Мониторинг сарапшыларының ағымдағы жылда жасаған топтастыруын ұсынамыз.
Әр мемлекеттің 3 пен 34 жас аралығындағы азаматтарының білімі бес түрлі деңгей бойынша сарапталады. Олар: 1) 4 жасқа дейінгі; 2) Бастауыш білім (5 пен 10 жас); 3) Орта білім (10 мен 14 жас); 4) Жалпы білім (14 пен 19 жас); 5) Жоғары білім (19 бен 34 жас);
Соның ішінде, әр деңгей 20 баллдық межемен бағамдалып, топтастырылады. Егер белгілі бір мемлекет келтірілген деңгейдің біреуіне сәйкес келмесе, тізімнен шеттетіледі.
Мысалы, Жапония білім беру жүйесі бойынша әлемде бірінші орын алады. Жалпы жапондар 4 жасқа дейінгі біліміне орай жекелей жетінші орынды иемденеді (14 балл). Бастауыш білімі үшінші орынға табан тіресе (18 балл), орта білім төртінші орында (17 балл) келеді. Ал жалпы және жоғары білімі бірдей 19 баллмен екінші орынға тұрақтаған. Енді бес деңгейді толық 20 баллмен алғанда, жапондар мүмкін болған 100 баллдан 87 баллды (PTS) иемденіп отыр. Ал оның орташа (AVG) баллы 17,4.
Білім беру жүйесінің ТОП-20 рейтингі:
Реті | Мемлекет | AVG | PTS |
1 | Жапония | 17,4 | 87 |
2 | Оңтүстік Корея | 15,4 | 77 |
3 | Біріккен Корольдік | 11,8 | 59 |
4 | Сингапур | 10,6 | 53 |
5 | Ресей | 9,8 | 49 |
6 | Финляндия | 9,6 | 48 |
7 | Канада | 9,4 | 47 |
8 | Нидерланды | 9,2 | 46 |
9 | Ирландия | 8,0 | 40 |
10 | Израиль | 7,0 | 35 |
11 | Қытай | 7,0 | 35 |
12 | Жаңа Зеландия | 6,6 | 33 |
13 | Норвегия | 6,4 | 32 |
14 | Бельгия | 6,2 | 31 |
15 | Германия | 6,0 | 30 |
16 | Дания | 5,8 | 29 |
17 | Эстония | 5,8 | 29 |
18 | АҚШ | 5,4 | 27 |
19 | Франция | 5,4 | 27 |
20 | Португалия | 5,2 | 26 |
Деңгейлерді жекелей топтастыру нәтижесі (ТОП-5);
4 жасқа дейінгі білім:
Реті | Мемлекет | % |
1 | Франция | 100 |
2 | Нидерланды | 100 |
3 | Мексика | 99 |
4 | Испания | 97 |
5 | Бельгия | 95 |
Бастауыш білім:
Реті | Мемлекет | % |
1 | Оңтүстік Корея | 97 |
2 | Сингапур | 94 |
3 | Жапония | 92 |
4 | Қытай | 91 |
5 | Финляндия | 90 |
Орта білім:
Реті | Мемлекет | % |
1 | Сингапур | 99 |
2 | Оңтүстік Корея | 97 |
3 | Қытай | 95 |
4 | Жапония | 92 |
5 | Финляндия | 90 |
Жалпы білім:
Реті | Мемлекет | % |
1 | Португалия | 100 |
2 | Жапония | 69 |
3 | Оңтүстік Корея | 94 |
4 | Словения | 94 |
5 | Ирландия | 94 |
Жоғары білім:
Реті | Мемлекет | % |
1 | Оңтүстік Корея | 65 |
2 | Жапония | 57 |
3 | Канада | 56 |
4 | Ресей | 55 |
5 | Ирландия | 48 |
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: usent.org
Ж. Өрісбай