- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Логикалық сұрақтар (жауабы)...
Логикалық сұрақтар (жауабы)
Өткен жолы логикалық сұрақтарды жариялаған болатынбыз. Оқырмандарымыздың арасында Азат Кулахмет жауап беріп, белсенділік танытқан еді. Олай болса, жауаптарын біле жүріңіздер. Ойлау қабілетімізді арттыру үшін бірге жұмыс жасайық!
1. Бұл адамның бойы қысқа болғандықтан, өз пәтеріне дейін зырсатымен (лифт) біреудің көмегінсіз бара алмайды екен.
2. Жоқ, жауын басылуы мүмкін, бірақ, бұл кезде күндізгі уақыт болмайды. 72 сағаттан кейін түн мезгілі болады.
3. Төбеге лақтыру керек.
4. Көршісі қатты қорылдайтын болуы керек. Оны оятып, қорылды тыю үшін көршісіне қоңырау шалған.
5. Аяқ киімнің оң жақ және сол жақ сыңарын бөлек фабрикада жасап шығаратын болыпты.
6. Белгілі бір сағаттан 10 минут өткенде "2" санына 10 деп қараймыз. Мысалы, 9-дан 10 минут кетті.
7. Шерлок Холмс. Себебі, ол - жай ғана кейіпкер.
8. Медбикелер балдырғандарды: "Бұл қонжық та ауырып қалды, сондықтан оны емдеу керек" деп алдандырып, ойыншықты дәкемен орап қояды екен.
9. "Құрметті нәзікжандылар! Фильм кезінде бас киімдеріңізді шешіп отыруларыңыз сұралады. Ескерту! Бұл хабарландыру кәрі әйелдерге қатысты емес" деп ескерткен екен.
Г. Берік