Логикалық сұрақтар

Логикалық сұрақтар

Сіздерге ұсынылып отырған логикалық сұрақтардың жауабы күлкілі болып көрінуі мүмкін. Сондықтан, айлалы оймен шешіп көруге тырысыңыздар. Ал сәттілік!

1. Бір адам 17-қабатқа жаңбыр жауған күні және көршісі жанында болған кезде ғана өз пәтеріне бара алады. Егер күн шуақты болып, жанында адам болмаса, 9-қабатқа дейін зырсатымен (лифт) көтеріліп, пәтеріне дейін жаяу барады. Сұрақ: Не үшін?

2. Егер түнгі 12-де жаңбыр жауып жатса, 72 сағаттан кейін күн шығып, шуақты болып тұра ма?

3. Теннис добы өзіңізге қайтып келуі үшін оны қалай лақтырған дұрыс?

4. Бір адам түн ортасына дейін ұйықтай алмай жатыпты. Кенет орнынан тұрып, біреуге қоңырау шалды. Содан соң, тыныш ұйқыға кетті. Сұрақ: Ол кімге қоңырау шалды?

5. Nike компаниясының Африка еліндегі филиалы өндіріс кезінде аяқ киімдердің ұрлануынан көз ашпайтын болыпты. Сұрақ: Ұрлық азаю үшін компания қандай қулыққа барған?

6. Қандай жағдайда біз "2" санына "10" деп қараймыз?

7. Джордж Вашингтон, Шерлок Холмс, Уильям Шекспир, Людвиг Ван Бетховен, Наполеон Бонапарт. Сұрақ: Осы тұлғалардың ішіндегі ерекше адам кім?

8. Бірде балалар ауруханасында мынадай жағдай болыпты: барлық науқас балалар ауруханадағы ойыншық қонжықпен ойнап, тіпті, сырқатынан айыққан соң одан айрылғылары келмей, "алып кетемін" деп жылайтын көрінеді. Сұрақ: Аурухана басшылығы қандай айламен ойыншықтарды алып қалды?

9. Бірде америкалық кинотеатрға келішілердің деңгейі күрт түсіп кеткен екен. Көрермендер азайып, наразылық білдірушілер көбейген. Себебі, залда отырған әйелдер бас киімдерін шешпей, көрермендерге кедергі келтіреді екен. Сұрақ: Кинотеатр басшылығы бұл мәселені қалай шешті?

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады