- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Күннің толық құрылымы...
Күннің толық құрылымы (Видео)
NASA ғарыштық агенттігі құрастырған Күн динамикасының обсерваториясы (SDO) аппаратының ғарышқа ұшырылғанына бес жыл толуға байланысты Youtube видеохостингіне Күннің толық құрылымын көрсететін видео жүктеді. Бұл кадрлар көп жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған. Аталған обсерватория бес жыл ішінде Күннің 200 миллион суреті сынды адам баласына құнды 2600 терабайт ақпарат жіберіп үлгерген. Жалпы алғанда SDO аппараты ғарыш кеңістігінде 1826 күн белсенді қозғалыста болыпты.
Күн динамикасының обсерваториясы Күннің 12 түрлі суретін тусіретін үш құралмен жабдықталған. NASA мамандары әр 12 секундта обсерватория жіберген толық құрамды сапаға ие суретті қабылдайды. Расында осыған дейін Америкалықтардың Күнді осындай жақындықта түсіре алатын техникалық аппараты болған емес еді. Ғалымдар АҚШ-тың ғарыштық агенттігі Күнді зерттеуге бағыттаған обсерваториясының арқасында бірталай ақпаратқа қол жеткізіп отыр. Ендеше төмендегі видеоны тамашалаңыздар.
Сурет: earth-chronicles.ru
Оқи отырыңыз:
Жердің қосымша ядро қабаты бар
Ғалымдар галактикамыздың жаңа картасын таныстырды
Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)
NASA ғарыш суреттерін фотошоппен өңдейді
Ж. Өрісбай