Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ғалымдар галактикамыздың жаңа картасын таныстырды

Ғалымдар галактикамыздың жаңа картасын таныстырды

Ғалымдар галактикамыздың жаңа картасын таныстырды

«Планк» ғарыштық обсерваториясының жобасының басты мақсаты біздің галактиканың қыр-сырын зерттеу болып табылады. Нақтырақ айтар болсақ, оның құрылымын, жасы мен даму үдерісін анықтау. Нақты жоба аясында бес жыл бұрын ұшырылған аппарат ғарыштық кеңістікте қозғалып, «Құс жолы» галактикасындағы ең көне сәуле толқындарын таба алған. Сосын олардың көмегімен галактикамыздың көлемін анықтауға мүмкіндік болыпты.

Ең көне жарық бағытын анықтау біршама күрделі болып келеді. Себебі ол қаншама қашықтықтан өтіп келу барысында жаңа сәулелермен тоғысуы мүмкін. Сондықтан сәуленің нақты қай жұлдыздан бастау алатынын нақты табу қиын. Ғалымдар осы орайда сәулелердің жылдамдығы мен бағытын салыстыру арқылы бөлек сигналдарды табады.

NASA мен Еуропа Ғарыштық Агенттігінің астрономдары көпжылдық зерттеу еңбектерінің нәтижесінде «Құс жолы» галактикасының анатомиялық суретін дайындады. Аталған суретте ғарыштық кеңістіктегі газдың бөлінуі, нысандардың астрономиялық орны мен ғарыш тозаңының мөлшері көрсетілген. Олардың айтуынша, түрлі түске боянған сурет біздің галактикамыздың жаңа картасы екен.

Ғалымдардың картадағы қызыл түспен жылу жарығын шығаратын ғарыш тозаңы бейнеленгенін айтады. Ал сары түс галактиканың негізгі құраушысы болатын түрлі газ құрылымын көрсетеді. Олар жаңа жұлдыздың пайда болуына ықпал ете алады.

Одан бөлек көк түс галактиканың магнитті аймақтары мен жаңа жұлдыздардың қалыптасқанынан кейін шығатын жылдам қозғалушы электрондардың нәтижесінде пайда болатын магнитті сәулелерді көрсетіп тұр. Олар магнитті тартылыс күшінің арқасында спиральді тәрізде дерлік жарық жылдамдығымен қозғалады.

Жасыл түспен еркін қозғалатын сәулелер бейнеленген. Олар дербес электрондар мен протондардың ғарыш айналымындағы соқтығысуларының әсерінен пайда болады. Еркін сәулелер көбіне алып жұлдыздардың қасындағы иондалған газдардың қатарында болады.

Бір суретке жинақталған ақпараттар Еуропа ғарыш агенттігінің «Планк» ғарыштық обсерваториясында зерттеліп дайындалған. Үдеріс кезінде адамның көзіне көрінбейтін миллиметрлі диапазондағы толқындарды көруге арналған микротолқын аппараты қолданылыпты.

Сурет: ultramir.net

Оқи отырыңыз: 

Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)

Арктикадағы мұздың көлемі азайып келеді (Видео)

Күн энергиясын игерудің арзан технологиясы сынақтан өтуде

HoloLens голографиялық көзілдірігі Марсты зерттеуде қолданылмақ

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 12 ақпан 2015, 18:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.