- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Күн энергиясын игерудің...
Күн энергиясын игерудің арзан технологиясы сынақтан өтуде
Күн энергиясын электрге айналдырудың жаңа әрі арзан жолы табылды. Ағылшын ғалымдары бұл жүйенің өте ұтымды екенін негізге алып отыр.
Соңғы жылдары әлемдік нарықта фотоэлектрлі энергияға деген сұраныс арта түскен. Оған электрді альтернативті жолмен өндіру және көмірқышқыл газының атмосфераға таралуын бақылауда ұстау сынды негізгі факторлар өз септігін тигізуде.
Сонда да қазіргі таңда кең қолданысқа ие болып үлгерген фотоэлектрді энергияны игерудің коммерциялық әдістері біршама қаржыны талап етіп отыр. Сондықтан аталған салада инновациялық технологиямен жаңа материалдарды қолдану шығынның ретін азайтуы мүмкін.
Эксетер Университетінің зерттеуші тобы қоғамды арзан Күн энергиясымен қамтамасыз етуге перовскит минералы негіз болатынын айтады. Бразилия, АҚШ, Испания, Қытай, Ұлыбритания және Сауд Арабиясында өткізілген бірқатар эсперименттердің нәтижесінде аталған минералдың ұтымды екені анықталған. Оның көмегімен Күн энергиясын электрге айналдыру үшін вакуумды ортаның да қажеті болмайды.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесі Solar Energy Materials & Solar Cells ғылыми журналында жарияланды. Қазіргі кезде ғалымдар перовскит негізінде жұмыс істейтін құрылғылардың тұрақты өніммен қамтуын толық зерттеумен айналысуда. Оның климатқа кері әсерінің болмауы да маңызды аспектілердің бірі.
Сурет: www.gmasolar.ca
Оқи отырыңыз:
Күн көзімен жүретін электроскутер
Әлемдегі ең үлкен күн электр станциясы АҚШ-та іске қосылды
Алматы облысында күн электростанциясы іске қосылды
Ж. Өрісбай