Әлемдегі ең үлкен күн электр станциясы АҚШ-та іске қосылды

Әлемдегі ең үлкен күн электр станциясы АҚШ-та іске қосылды

Электр энергиясын альтернативті жолмен өндіру жалғасын тауып келеді. Жақында күн сәулесінен энергия жинайтын әлемдегі ең үлкен станция АҚШ-та өз жұмысын бастады. Ғаламтордағы ақпарат көзіне сенер болсақ, аталған станция Topaz деп аталады екен.

Электростанцияның құрылысы екі жыл бұрын басталып, инженерлер Калифорнияның 25 шаршы шақырым жеріне 9 миллион күн панелін орналастырған. Жалпы жобаға $2,5 миллиард қаржы жұмсалыпты. Topaz-дың өнімділік қуаты – 550 мегаватт.

Ғалымдардың айтуынша, Topaz электр станциясынан шыққан күн энергиясын пайдалану жылына 377 мың тонна көмірқышқыл газының ауаға тарауының алдын алады екен.

Айта кетсек, алып қуат кешені әлемдегі бірінші орнын көпке дейін сақтамайтын секілді. Себебі құрастырушылар дәл сол Калифорния жазығынан Topaz электр станциясынан да үлкендеу етіп тағы бір кешеннің құрылысын бастап жіберген. Оның жалпы өндіру қуаты 579 мегаватт болмақ.

Сурет: tu.no

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады