Кометадан тіршілік белгісі табылды

Кометадан тіршілік белгісі табылды
Фото: geektimes.ru

Еуропа ғарыш агенттігінің өткен жылы кометаға қондырған Philae аппараты аспан денесінің құрылымын зерттеуді бастаған. 67P/Чурюмова — Герасименко бедерінде іске қосылған Ptolemy және COSAC сынды құрылғы модульдері комета бедеріндегі шаң мен газдың химиялық құрамын анықтай алған.

Аппарат кометаға сәтті қондырылғаннан кейін ғарыш нысанынан органикалық молекулалар тапқан. Дегенмен мұны ресми жариялауға ақпарат жеткіліксіз болған еді. Мінеки бірнеше ай өтіп, комета бедерінің органиканың құрамы нақты анықталды. Ғалымдардың зерттеу жұмысы Science ғылыми журналында жарияланды.

Нақтырақ тоқтала кетсек, Philae аппараты жинаған комета бетіндегі шаңда 16 органикалық компонент (метилизоцианат, ацетон, пропионды альдегид және ацетамид т.б.) табылған. Осыған дейін кометаның бедері ғалымдарға белгісіз болған еді. 

Ж. Өрісбай