Ғалымдар комета тәрізді ғаламшарды анықтады

Ғалымдар комета тәрізді ғаламшарды анықтады
Фото: ravepad.com

Көлемі Нептун ғаламшарына сәйкес келетін экзоғаламшардің комета тәріздес қалыпқа ие екені анықталды. Нақтырақ айтар болсақ, жақында ашылған экзоғаламшардың комета сынды құйрығы бар болып шықты. Бұл ғаламшардың орбита бойымен айналу жылдамдығының өте жоғары екенін дәйектейді.

GJ 436b атауына ие комета тәріздес ғаламшардың массасы Жер салмағынан 22 есеге үлкен. Хаббл телескобы мен Chandra X-Ray обсерваториясында зерттеу жұмыстарын жүргізген астрономдар ғаламшардың айналасында газ қаптауы бар екенін айтады.

Айта кетсек, GJ 436b экзоғаламшары Арыстан шоқжұлдызында орналасқан және Жерден шамамен 33 жарық жылына тек қашықта жатыр. Оны ғалымдар «Ыстық Нептун» деп атады. Ал GJ 436b орбитасы 4,8 миллион шақырымға тең. Ғаламшардың айналасын қаптаған ауа газдарының негізі сутектен тұрады. Әзірге комета құйрығының ұзындығын анықтау қиындық тудырып отыр. Дегенмен алдын ала болжамды ойларға сүйенсек, оның ұзындығы 15 миллион шақырымға тең болуы мүмкін.

GJ 436b ғарыш нысанына аналог бола алатын ғаламшарлардың бар екені осыған дейін талқыланған болса да, GJ 436b комета тәріздес тұңғыш ғаламшар атанып отыр. Ғалымдардың айтуынша, экзоғаламшар әр секунда 1000 тонна газ таратып үлгереді.

Женева Университетінің астрономы Дэвид Эренрайх NASA мен Еуропа Ғарыш Агенттігінің (ESA) жаңа жобалары туралы ақпаратпен бөлісті. Екі алып агенттік келесі жылы біріге экзоғаламшарлардың құрылымын зерттейтін TESS және PLATO жобаларын іске қоспақ. Басты мақсат – комета тәріздес GJ 436b ғаламшарының ғаламда жалғыз емес екенін анықтау. Ал адам баласы үшін оның газ қабаты, яғни қолданыстағы атмосферасы маңызды болмақ.

Ж. Өрісбай