- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жаңбырлы күні ұйқымыз...
Жаңбырлы күні ұйқымыз келу себебі
Жаңбырлы күні неге ұйқымыз келеді деген сұрақтың дәстүрлі жауабы атмосфералық қысымның төмендеуі болатын. Алайда ғалымдардың ойынша, мұндай сұраққа жауаптың сондай қарапайым болуы мүмкін емес, олар жаңбырлы ауа-райында ұйқы келудің басқа да себептері бар екеніне сендіреді.
Квинсленд Орталық университетінің хронобиологы Наоми Роджерс журналистерге ғалымдардың ойынша жаңбырлы ауа райында адамдарды ұйқышыл ететін себептердің жаңа нұсқасын жария етті.
Біріншіден, жаңбырлы ауа-райында күндіз адам ағзасындағы «түнгі гормондарды» өңдетпейтін күн жарық беруін тоқтатады. Яғни, биологиялық сағат мезгілден тыс іске қосылады.
Екіншіден, адамдарға жаңбырдан кейінгі жер иісі тыныштандырғыш әсер береді. Ереже бойынша, құрғақ мезгілде өсетін өсімдіктер ерекше май түзеді. Ол май су жетіспейтін кезде ұрықтың өсуін тежейді. Жаңбыр осы майларды шайып тастап, геосминмен (жер иісіне жауап беретін бактериялар шығаратын органикалық зат) араластырады. Нәтижесінде тыныштандырып, демалдыратын жағымды әрі ерекше иіс пайда болады.
Үшіншіден, жаңбырдың ырғақты шуы. Ғалымдардың айтуынша, жаңбыр тамшыларының құлауы «алқызыл шу» деп аталатын дыбыс шығарады. Ол 20 Гц–20 мың Гц диапазон аралығындағы «ақ шу» секілді дыбыстардың бірі. Кей мәліметтер бойынша, алқызыл шу мидың белсенділігін төмендетіп, адамның ұйқысын жақсартады екен. Ғалымдар бұл мәліметті лабораториялық зерттеу арқылы дәлелдей алмағанмен, күмәнданатын адамдарға жаңбыр шуын тыңдап, терезе алдында жарты сағат уақыт шамасында отырып көруін сұрайды.
А. Жапатова