Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі?

Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі?

Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі?

Қазақстан шөлдерінде аты айтып тұрғандай ыстыққа, құрғақшылыққа өте төзімді өсімдіктер өседі. Солардың кейбіреуімен таныстырамыз.

Ақ сексеуіл

Ақ сексеуілдің ұшар басы ақшылдау болып келеді. Сексеуілдің ағашы өте мықты әрі ауыр болғандықтан, суға батып кетеді. Бұл таскөмір беретіндей жылу бөле алатын бағалы отын. Тамырының ұзындығы 10 метрден асып жығылатын сексеуілдің жер бетіндегі діңі бес метрден асады. Оның ұзын әрі кеңінен тармақталған тамырлары сусымалы құмды торлап алып, оның қозғалысын тежейді. Осы себепті сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын өсімдік болып табылады. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қойтүйе жақсы жейді.

Адыраспан


Өзіне тән өте күшті иісі бар көпжылдық өсімдік ақшыл сары немесе ақшыл түсті гүл атады. Оның түтіні адамды тыныштандырады, денені босаңсытып, дезинфекциялайды. Мөлшеріне қарай адыраспан емдеп, уландыра алады. Уы сабы мен гүлінде. Өсімдік талай рет адам баласын обадан, жұқпалы аурулардан сақтап қалған. Мың жыл бұрын Ибн Сина өзінің Ережелерінде адыраспанның масайтатын қасиеті бар екенін жазған. Адыраспанның есірткіге тәуелділікке қарсы тұра алатын қабілеті бар. Сондықтан бұл өсімдік алкоголь мен никотинге тәуелділіктен емдеу үшін қолданылады. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышымасын емдейді. Тіс ауырғанда, ұмытшақтыққа шалдыққанда, тері бөрткенде т.б. аурулардан емдеу үшін адыраспанды пайдаланған. 

Қисық қанатты шырыш


Қисық қанатты шырыш Қарақұм, Қызылқұм, Балқаш маңы және Іле маңы шөлдерінде ылғалды, тығыздалған, кейде сусымалы құмда өседі. Құмды шөлде орналасқан қалаларды көгалдандыруға ыңғайлы. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Түрін қараңызшы?! Өте әдемі емес пе? "Шөл даланың ханшайымы" деп атауға болатындай. 

Баттауық

Баттауықтың көпжылдық бұтасының өркендері сәуірдің ортасында немесе аяғында өсе бастайды. Баттауық Қазақстанда, Түрікменияда, Өзбекстанда, Қырғызстанның кейбір ауданында, Солтүстік Кавказдың шығыс аудандары мен Әзірбайжанда кездеседі. Ол шөл және шөлейт жазықтар мен аласа беткейлерде, тығыз, саздақты немесе құмды жыныстарда өседі. Тауға қарай теңіз деңгейінен 400 метр биіктікке көтерілмейді. 

Жусан

Жусан көп жылдық, кейде бір-екі жыл өсетін шөптесін өсімдік. Қазақстан жерінде 100-ден аса түрі бар. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жусанды мал жейді, тұрмыста дәрілік өсімдік ретінде қолданады. 

Материалды дайындауға "Қазақстан флорасының кереметтері" (Авторлары: Бобров Р.Ф. мен Кузьмин Э. В.) атты кітап пайдаланылды

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: reznoe.ru, plushealth.ru plantarium.ru, kyzylorda-news.kz

38241 2
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 23 қаңтар 2014, 14:00
Пікірлер
+0
23 қаңтар 2014, 15:58

Адысраспан теруге апам апаратын еді, қырға

+0
24 қаңтар 2014, 02:15

Мааа мына өсімдіктердің барлығы біздің ауылда өседі сексеуілден басқасының бәрі. Неге екенін білмеймін біздің ауылдың аты Сексеуіл ал сексеуіл ағашы мүлде жоқ. Далалық жерлерде болмаса. Жазда Адыраспан,жусан, баттауық дәл үйдің қасында өсетін. :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...