- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Google-мен ойнайық ...
Google-мен ойнайық
Гуглдың бізге тартар сыйы аз емес. Тіпті кейбір сырын жаңа білген кезде, Гуглді жасап отырған авторларға ерекше сүйсініп қаласың. Google-дің осындай сырларымен таныс болайық:
1. Google-ді ашып, оған былай деп жазамыз:
- do a barrel roll. Бет 360 градусқа төңкеріледі.
- zerg rush. Нөл саны қаптап кетіп, бірте-бірте бетіңізді "тазалайды"
- tilt. Бет қисаяды.
2. Енді Гуглдың дудлдарына бір назар салайық. Гуглдың дудлдары туралы мына жерде де қызықты мәліметтер жариялаған болатынбыз.
Лес Полдың туған күніне орай 2011 жылы Гугл мынадай онлайн гитара жасап қойған болатын. Осы гитараны сіз де онлайн тартып, тартқан әуеніңізді сақтап, қайта тыңдай аласыз. Сергу үшін таптырмас ермек. Гитараны тарту үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз: http://www.google.com/logos/2011/lespaul.html
3. Ал мынау қытайлық Гуглдың тосын сыйы. Кез келген сөзді жазсаңыз, соған сәйкес суреттер ерекше күйде жиналады. Мына сілтеме сіздің құзырыңызда: http://www.google.com.hk/intl/zh-CN/landing/shuixia
4. Іздегішке "100 usd to euro" сөзін жазсаңыз, 100 АҚШ доллары қанша евро болатыны, "120 kilometers to miles" сөзін жазсаңыз, 120 километр қанша мильге тең екені шығады.
5. Ал біреудің сізден Гуглдан іздеп беруіңізді өтінуінен шаршап кетсеңіз, lmgtfy.com сізге көмекке келеді. Бұл сізге қол ұшын беріп қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз.
6. Ауа райын білгіңіз келсе, сайттардан сайттарға сабылмай, Гугл іздегішінен "погода ххх" (ххх- қаланың аты) деп жазсаңыз, жеткілікті. Ал уақытты білгіңіз келсе, "время ххх" (ххх- қаланың аты) деп жазыңыз. Гугл автоматты түрде керек қылған мәліметіңізді шығарып береді. Өкінішке орай, әзірге қазақша жазсаң, шығара алмайды. Дегенмен жақында қазақшасы да іске қосылып қалар деп үміттенеміз!
Тақырыпқа сай оқи отырыңыз:
Google-аудармашының қызықты қателіктері
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: Google-дің Лондондағы кеңсесінен көрініс, fresher.ru сайтынан алынды
Р. Роза