- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Google қазақша сөйлейтін...
Google қазақша сөйлейтін болды
Кеше 7 желтоқсан күні Астана қаласында танымал Google Translate аудармасына "Google Translate+Kazakh" жобасының енуіне байланысты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
Google Translate тегін қызметі мәтін немесе веб-парақшаны автоматты түрде қажет тілге аударуға негізделген. Қызмет көрсету бір уақытта басқа тілдегі ақпаратты іздеуге арналған. Бұл құрал оқырманға шетел тіліндегі мәтіннің тіке аудармасын емес, тек қана мазмұнын бере алады.
Қазіргі кезде аталған қызмет көрсету түріне ондаған әлем тілдері кіріп отыр.
Жоба Google компаниясының және Президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімовтың қолдауымен жүзеге асып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: capm.state.mn.us
Б. Қосмағамбет