- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғалымдар Күн сәулесінен...
Ғалымдар Күн сәулесінен сұйық жанармай алу жолын тапты
Кейбір батыс Еуропа елдерінде жүретін көліктер Күн энергиясынан қуат алады. Нақтырақ айтсақ, бұл көліктер мен қоғамдық транспорттар Күн батареяларымен қамданған. Егер Күн энергиясын жанармайға өзгертуге ықпал ететін сутектік технология дамитын болса, болашақтың көліктері жуырда жаппай қолданысқа еніп кетуі әбден мүмкін.
Америкалық ғалымдар бензиннің орнын басатын альтернативті жанармайды шығарудын жолын тапты. Ол күнделікті қолданыстағы бензин сынды сұйық, бірақ экологиялық таза болып, табиғи Күннің қуаты негізінде дайындалады.
Гарвард Университетінің зерттеуші тобы фотоэлектрлі элементке аналог болатын жасанды жапырақтармен тәжірибе жұмыстарын жүргізген. Олар Күннің көзін пайдалана отырып, суды сутек пен оттекке бөледі. Мұны химия ғылымынды электролиз дейтіні белгілі. Дегенмен электролиз үдерісінде Күн энергиясы алғаш рет қолданылып отыр. Ғалымдар изопропанол деп аталатын жанармайды алу үшін тәжірибе барысында арнайы зертханада өсірілген Ralstonia eutropha бактерияларын көмірқышқыл газы араласқан сутекке қосады.
Бұл әдістің негізін биологиялық жүйедегі бейорганикалық катализатор құрайды. Қазіргі кезде Күннің қуатын изопропанол жанармайына айналдыру мүмкіндігі 1%-дан аспай тұр. Бірақ ғалымдар аталған көрсеткішті жуырда 5%-ға дейін көтеруді жоспарлаған.
«Біздің жаңа технологиялық әдіс Күн энергиясын сұйық күйде сақтап, оны кейіннен қолдануға мүмкіндік беретін болады», — дейді Гарвард ғалымдары. Зерттеу жұмыстары PNAS ғылыми журналында жарияланды.
Айта кетсек, Boeing компаниясы да биологиялық жанармайға көшуге дайындалып жатыр. Болашақта компанияның ұшақтары экологиялық таза жанармай негізінде ұшатын болады.
Сурет: planeta.moy.su
Оқи отырыңыз:
Жанармайдың сапасыз екенін қалай анықтауға болады?
Тоқпен жүретін көліктің дамытылған түрі шығарылуы мүмкін
Бензин «дағдарысы» қалай пайда болды?
Google-дың бірінші толыққанды жүргізушісіз көлігі келесі жылы шығады
Ж. Өрісбай