- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Еуропадағы ең алғашқы...
Еуропадағы ең алғашқы ғарыш айлағы Ұлыбританияда құрылады
Британ үкіметі Біріккен Корольдік территориясында ғарыш айлағын салуға рұқсат етті. 2018 жылы іске қосылатын алып нысан Еуропадағы ең алғашқы ғарыш айлағы болмақ.
Жобаға тоқтала кетсек, жаңа жоба көбіне қаржы межесінде ұшу бағыттарымен айналысатын болады. Үш ай бойында талқыға түскен мәселе аясында құрылыс нысанының орналасатын мекендері анықталды. Олар Кэмпбелтаун әуежайы, Глазго Прествик пен Сторновей (Шотландия), Ньюквей (Англия) және Лланбедр (Уэльс) деген жерлер болмақ. Ал ғарыштық порттың уақытша тұрағы ретінде ВВС Ұлыбритания ғимараты алынды.
Ғарыштық нысанның жобасы өткен жылдың шілде айында ұсынылған болатын. Сол кезде Ұлыбританияның азаматтық авиациясының басқармасы ғарыш айлағының ғимаратын салуға мүмкін болатын 8 жерді атады. Ендеше жергілікті үкімет болса Ұлыбританияны ғарышқа туристік саяхаттың жетекші еліне айналу мүмкіндігін ескеріп, жобаны мақұлдап отыр.
«Мен еліміздің ғарыштық туризм саласында көшбасшы болғанын қалаймын», - дейді Ұлыбританияның авиация ісі жөніндегі министрі Роберт Гудвилл.
Мамандардың SpaceX және Virgin Galactic сынды компаниялар жаңа ғарыш айлағының тұрақты тапсырыс берушісіне айналатынын айтады. Сондай-ақ, бұл жоба халықаралық ұшу рейстерінің уақытын қысқартуға септігін тигізбек. Жоба авторларының айтуынша, болашақта Ұлыбританиядан Аустралияға ұшу уақыты 14-тен 2 сағатқа дейін қысқарады.
Дегенмен бұл межеге жету үшін біршама уақыт бар. Алдымен ғарыш айлағының техникалық талаптарын толығымен орындау керек. Сосын басқа да ұсыныстарды дамытуға мүмкіндік болады. Ал әзірге бұл жоба тек қағаз жүзінде ғана болып отыр.
Сурет: ukspaceagency.bis.gov.uk
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығаруда
Гипотеза: Күннің құрамында қара материя болуы мүмкін
Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)
2015 жылғы ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар
Ж. Өрісбай