Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығаруда

Ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығаруда

Ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығаруда

Канадалық ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығарды. Жаңа ғылыми зерттеулер ғаламның бастауының тым ертеректе жатқанын көрсетіп отыр, - деп жазады MNN. Ғалымдардың жаңа әдіспен жасаған зерттеу жұмыстары ғаламның пайда болуына қатысты жаңа гипотезаның туындауына түрткі болған.

Айта кетсек, Үлкен дүмпу теориясы біздің ғаламның шамамен 13,8 миллиард жыл бұрын пайда болғанын дәйектейді. Бастапқы кезде орын алған жарылыс газды күйдегі қалыпты кеңістікті құрайды. Кейіннен белгілі бір уақыт межесінде ғарыштық нысандар бір-бірімен соқтығысып, жұлдыздар өздерінің галактикасын қалыптастырады. Ал содан кейін ғаламшарлардың шоғырлана түскені бізге астрономия ғылымынан белгілі.

Ғалымдардың бір ортаға тартылу тұжырымы белгілі физик Эйнштейннің салыстырмалы теориясының жалпы теңдеуі негізінде дайындалған. Одан бөлек, ғалымдар уақыт бойымен біркелкі қозғалыста болған нысандардың траекториясының жақын немесе қашықта жататынын болжауды мақсат ететін Рай-Чаудхури теңдеуі де пайдаланылыпты. Осы сынды кеңістіктегі эволюциялық уақыт бірлігінің өзгеруіне қатысты теориялар мен теңдеулер негізінде шыққан нәтижеге орай, ғалымдар ғаламның бұрыннан бір ортаға тартылып тұрғанын, яғни біздің ғаламда ешқандай дүмпу болмағанын алға тартады.

Дегенмен ғаламның бір ортаға бағыну тұжырымы кейбір жағдайларда өзіне-өзі қайшы келеді. Расында Эйнштейн теориясының ережесі бір ортаға бағыну ғаламдық құрылымына дейін де физикалық заңдардың осал болғанын көрсетеді.

Осылай канадалық ғалымдар Үлкен дүмпуге қатысты өздерінің ұсынысын айтып, Эйнштейн теориясына қарсы тұжырымдарын білдіріп отыр. Мысалы, канадалықтар өз есептерінде Үлкен дүмпуден кейін пайда болған квантты сызықтарды ғарыштық нысандардың геодезиялық треакториямен ұшуына ауыстырып отыр. Бұл біздің ғаламның басы мен соңы жоқ екенін дәлелдейді.

«Расында біздің ғаламның үлкен жарылыстан кейін пайда болғанын дәлелдейтін ешбір нақты теория, тіпті гипотеза жоқ. Бірақ біз оны логикалық тұрғыдан толығымен жоққа шығара алмаймыз да», - дейді зерттеу жұмыстары авторларының бірі Роберт Бранденберг.

Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, біздің ғаламның бастау шегі жоқ екендігі бір жақты дәлелденді.

Сурет: techno.bigmir.net

Оқи отырыңыз: 

Астрономдар жарылған жұлдыздың қалдықтарын тапты

Ғалымдар галактикамыздың жаңа картасын таныстырды

Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)

Ғалымдар Марсты зерттеуге тікұшақ дайындайды

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 04 наурыз 2015, 15:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.