Бермуд үшбұрышының сыры неде?

Бермуд үшбұрышының сыры неде?

Бермуд үшбұрышы алғаш рет 1946 жылы Винсент Гаддистің "Аргоси" журналына жазған мақаласында кездеседі. Мақалада тікұшақтардың белгілі жерде жоғалып кете беретіні туралы айтылған.

Бермуд үшбұрышы – Атлант мұхитының Флорида жағалауындағы, Бермуда және Пуэрто-Рико аралдарын қамтитын су айдыны. Бұл үшбұрышты аймақта кеме мен тікұшақтар белгісіз себептермен жоғалып кетеді.

Неліктен "үшбұрыш" деп аталды?


Оқымыстылардың жасаған есептеулері бойынша аймақ: Бермуд аралы, Флорида және Пуэрто-Рико жерлерін қамтиды екен. Зерттеп жатқан ғалымдар өздерінің көзқарастарына байланысты зерттеу аумағын жиі өзгертіп отыратын көрінеді. Бермуд үшбұрышы атауы 50-ші жылдардың бас кезінде пайда болған. 

Аномальді зонада болған түсініксіз оқиғалар


Жалпы бұл аумақ 1945 жылдан бастап бақылауға алынған. Зерттеу жұмыстарына көптеген құтқарушылыр, мамандар мен ғалымдар тартылған. Осындай команда есебінен жинақталған топтың арқасында 140 мыңнан астам адам өмірі ажалдан арашаланып қалды. Құтқаруға жұмылдырылған 100-ден аса ауыр техника із-түссіз жоғалып кетті. Айта кету керек, сонымен қатар, олар артынан ешқандай апат салдарын, қирау қиындыларын қалдырмаған.

Бермуд түбіндегі «Жұмбақ пирамида»


Ғалымдардың жүргізген зерттемелерінің табысқа толы жетістіктерін де айта кеткен жөн. Америка оқымыстылары 1992 жылы Бермуд үштағаны түбіне анализдік сараптама жасаған болатын. Сөйтіп судың орта бөлігінен Хеопс пирамидасынан 3 есе үлкен алып пирамида тапқан. Пирамиданың беткі бөлігі өте сырғанақ, түп түзу қабатты құрайды. Сол себептен су асты өсімдіктер мен жануарлар пирамида бетіне шығып өмір сүре алмайды.

Қосымша деректер:

Австралиялық ғалым профессор Джозеф Монаган мен Мельбурн қаласындағы Монаша университетінің студенті Дэвид Мэйдің зерттеу нәтижесі апат себебін метан газы деп түсіндіреді.

Мұхиттанушылар мұхит астынан шыққан метан гидратының көп мөлшерде шоғырлануын байқаған. Ондай аймақ өте қауіпті болып саналады. Ғалымдардың болжауынша, метан мұхит асты жарылуынан сыртқа шығып үлкен көбікке айналады. Содан көбіктер көлемі жағынан ұлғайып су бетіне шығып жарылады екен. Ары қарай метан газы ауа қабатын ластайтын көрінеді.

Басқа ғалымдар Монаган мен Дэвид жасаған теорияны дәлелдемек болып сынақ тәжірибесін жүргізеді. Олар суқойманы суға толтырып, судың астынан метан газын үлкен көбікше етіп шығарады. Ал су бетіне жасанды кеме маникендерін орнатады.

Нәтижесінде кеме метан аймағынан алыстау жерде жүзетін болса, кемеге ешқандай қауіп төнбейтіні анықталған. Алайда соңғы 500 жылда ол жақта метан көп мөлшерде байқалмағандықтан, бұл теорияны ғалымдар негізге ала қоймады.

Оқи отырыңыздар:

Білгенге маржан

Антикалық мифология

Индиго жайлы не білеміз?

Румынияның жер асты өмірі

Ғаламның ашылмаған сырлары

Мұхиттанушылар Бермуд үшбұрышының құпиясын ашты

Дайындаған:Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет:todayswhisper.com,www.secretsofthefed.com,www.socialphy.com

Н. Нұрмаханұлы