- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Румынияның жер асты...
Румынияның жер асты өмірі
Баскетбол алаңы, шағын гольф, сайтан доңғалағы, жерасты көлі, спа секілді демалыс орындары Румыния елінің Салина Турда кенінде жасалған. Бұл кен XIII ғасырда пайда болған. Аталған ел мұнда кен орнынан тұз өндірді.
Ол - жер көктегі бірден-бір ерекшелігімен көзге түсетін тематикалық саябақтардың бірі. Трансилвания жерінде орналасқан кеннің тереңдігі – 112 метр.
Кей адамға бұл жер біртүрлі болып көрінгенмен, бір көрген жанның есінде мәңгілік қалады. Ол жерге барып, неғұрлым төмен түскен сайын жер асты әлеміне есік ашасыз. Аңыз-әңгімелерден естіп жүрген қорқынышты сиқыр, тылсым дүниелер бірден көз алдыңызға елестеп, бойыңызда діріл пайда болады. Айтарлықтай қорқынышты болса да, келушілер саны өте көп. Тіпті жүйкесі мықты адамдар өзін сынап көруде. Ауа температурасы 10º С-тан аспайтындықтан, өте салқын. Қорқынышты мекенге баруға жүрексінсеңіз, алдымен суреттен байқап көріңіз.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: mixstuff.ru
Н. Нұрмаханұлы