- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Айдың бізге көрінбейтін...
Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)
Адам баласына көрінбейтін Айдың екінші жағы NASA ғарыш агенттігінің бақылауы арқасында көлеңкеден шықты. Жердің табиғи серігін зерттеуге жіберілген Lunar Reconnaissance Orbiter (LRO) зонды картографиялық ақпараттардың көмегімен Айдың көрінбейтін жағын видеоға түсірген.
Ғалымдар осы күнге дейін табиғи серіктің бізге көрінбейтін жағы туралы еш ақпарат біле алмаған болатын. Тіпті Айдың қараңғы жағына мүлде Күн сәулесі түспейтінін айғақтайтын теориялар да айтылып келген. Бірақ Айдың барлық жағына Күн нұры уақтылы түседі. Тек оның екінші жағы айналу барысында мүлде Жерге алдымен келмейді екен.
«Айдың бізге көрінбейтін жағы да циклдік фазалардан өтеді. Бірақ оның рельефтері біршама өзгеше. Мысалы, табиғи серіктің бізге көрінетін бетіндегі адам бейнесіне ұқсас кейіпті беретін үлкен ойпаттар мен қара дақтар екінші бетінде өте аз болып келеді», - деп жазады NASA агенттігінің ресми сайты.
LRO аппараты 2009 жылдан бері Айды бақылау арқылы оның қараңғы жағын видеоға түсіріп алған. Ал алғашқы фотоны 1959 жылы кеңестік «Луна-3» ғарыш станциясы түсірген болатын.
Біз жерден Айдың тек бір бетін ғана көре аламыз. Бұл Айдың Жерді айналу бағытына байланысты. Айта кетсек, 1968 жылы Айды айналып ұшқан «Аполлон-8» ғарыш кемесінің құрамы ғана қараңғы бетті өз көздерімен көре алған.
NASA-ның орбиталық аппараты лазерді нақтылыққа ие камерамен жабдықталған. Аталған құрылғының көмегімен Айдағы белгісіз кратерлер мен қыраттар анық суретке алынуда.
Сурет: thehunterminater.deviantart.com
Оқи отырыңыз:
Айдың екінші жартысына ешқашан жарық түспейді
Қытайдың ғарыш аппараты Айды зерттейді
Галактикамызда Жаңа Күн жүйесі қалыптасты
Ғалымдар мұнайдың орнын басатын қуат көзін Айдан тапты
Ж. Өрісбай