Австралиялық олигарх динозаврларды тірілтіп алмақшы

Австралиялық олигарх динозаврларды тірілтіп алмақшы

Австралияның ең бай адамдарының бірі, көмір магнаты Клайв Палмер динозаврларды тірілтіп алмақшы. 5,3 миллиард доллар байлыққа ие олигарх Стивен Спилбергтің идеясын жүзеге асырып, динозаврларды тірілтіп, осылайша Юра дәуірінің паркін жасап көруді жоспарлап отыр. 

РБК Украина-ның хабарлауынша, Палмер 1996 жылы Долли қойын клондаумен айналысқан ғалымдармен келіссөз жүргізіп қойған. Генетиктер ежелгі кесірткелердің ДНҚ-сын пайдаланып өмірге тірі динозаврларды әкелуі керек. Миллиардер бұл жануарларды жақында ғана сатып алған Кулум курортындағы жағажайда бағуға жоспарлап отыр. Аталған шипажай Брисбен қаласынан 120 км қашықтықта орналасқандығын да айта кетелік. Бұл жерде Юра дәуірінің паркінен басқа алып қонақ үй мен айналаға көз салып, қызықтауға арналған алып айналмалы шеңбер орналасатын болады.

Дегенмен мамандар Клайвтың бұл ойына скептикалық көзқараспен қарайтындықтарын айтуда. Пікір білдірушілердің айтуынша, ежелгі жануарлардың гендері әлдеқашан жойылып кеткендіктен, оларды қайта тірілту мүмкін емес.

ва

Австралиялық миллиардер Клайв Палмер

Клайв Палмер болса, бұл паркке қатысты толығырақ мәлімет беруден бас тартып отыр. Дегенмен магнат болашақта бұл ойының жүзеге асатындығын, не аспайтындығын айтып, хабар беретіндігін хабарлады.

Айта кетелік, Юра дәуірінің паркін жасау туралы біртүрлі идея Палмердің алғашқы "еркелігі" емес. Миллирдер 2012 жылдың көктемінде екінші Титаник кемесін құрастыратындығын айтқан болатын. Оның жоспарынша алып кеменің көшірмесі 2016 жылы әлемдік саяхат жасау керек еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: intrigi-spletni.blogspot.com, AP