1974 жылы венгр мұғалімі Эрно Рубик механикалық басқатыруды ойлап тапқалы патенттелген кубик бүкіл әлемге әйгілі болып кетті. Бастапқыда ең қарапайып кубиктің өзін жинауға бірнеше сағат уақыт жұмсалатын болған. Қазір оны алты секундта жинай алатын әуесқойлар бар. Ал оның 1734 шаршы беті болса ше? Әлемдегі ең үлкен Кубик Рубикті жинауға қалай қарайсыз?
Мүмкін мынадай кубиктің бар екенін кейбіреулер білмейтін болар. Расында ең үлкен кубик 17 x 17 x 17 шаршы құрылымға ие. Бұл басқатыруды 2011 жылы Оскар Ван Девентер есімді дизайнер құрастырған. Әлемдегі ең үлкен Кубик Рубиктің ішкі құрылымын төмендегі видеодан көре аласыздар.
Расында сырт көзден кубик құрылымының дұрыс жұмыс істей алуына сену қиын. Дегенмен жасап тұр. Мұны британдық азамат Кеннет Брэндон дәлелдеді. Ол өз видеокамерасына кубикті толық жинау процесін түсіріп, Youtube видеохостингіндегі арнасына жариялаған.
Кеннет кубикті жинауға жеті сағаттан артық уақыт жұмсаған. Сіз мұны жылдамдатылған видео арқылы алты минутта көре аласыз. Британдық азаматтың айтуынша, бұл басқатыруды жинау өте қиын болыпты. Кейде барлығын тастап, өз ойынан бас тартқысы да келген екен. Дегенмен өз мақсаты үшін соңына дейін күрескен.
Егер сіз мұны көзді алдау үшін жасалған видеомонтаж деп ойласаңыз, қателесесіз. Кеннет осындай сенімсіздіктен арылу мақсатында Youtube-қа видеоның толық нұсқасын да жариялаған.
Сурет: www.kennethbrandon.com
Оқи отырыңыз:
Кубик Рубикті 20 жүріспен шешуге болады
ХХ ғасырдың ІI жартысы адамзат баласына не сыйлады?
Рубик кубигі қалай пайда болды?
Логикалық сұрақтар #2