Кубик Рубикті 20 жүріспен шешуге болады

Кубик Рубикті 20 жүріспен шешуге болады

Бәріміздің бос уақытымыз  болып, не істерімізді білмей отырғанда алдымызға яғни қолымызға Кубик Рубик (текше пішінді зат) келіп түседі. Ондағы түстерді бір бетке жинаймыз деп, уақыттың біраз бөлігін өлтіріп, өзіміздегі мидың күшін сарқығандай боламыз. Алайда, кейде бір бетке түстерді жинау түгілі, бастапқы орындарына келтіре алмай, салымыз суға кететін жағдайдар да кездеседі.

Біз ойлағандай кубикті жинау қиын емес екен. Бар болғаны 20 ғана жүріспен (солай алғанымыз дұрыс болар) істі толық бітіруге мүмкіндік бар көрінеді. Міне, осындай пікірге Огайо штатындағы Кент университетінің профессоры Морли Дэвидсонның көзі жетіп отыр. Ол компьютердің көмегі арқылы барлық жүрісті мұқият қарап, тиімді жолдарын жазып отырған. Анықталғаны, кез келген бастапқы кубикті жинастырушыға ең кемі 20 жүріс қажет. Сонда барып қана "Құдайдың саны" (біткен жүрісті осылай атайды) толыққанды орындалатын болып шықты.

1974 жылы Эрне Рубик Кубик Рубикті  ойлап тапқан болатын. 2009 жылы аталған заттың 350 миллионға жуық данасы әлем бойынша тараған. 

Дэвидсонның пікіріне сүйенсек, ол 20 жүріспен істі бітіру деген ғалымдардың ойлап тапқаны дейді. Өйткені, жайдан-жай ешкімнің де кубик жүрістерін зерттемейтіні анық. Ал Дэвидсонның өзі болса, кубиктің 20 жүріспен шешуге болатынына алғашқы кезде қатты сенгенін жасырмайды.

Ғалымдар Кубик Рубиктің қыр-сырына жету үшін болуы мүмкін жүрістерді 2,2 миллиард топқа бөлген. Әр топта 20 миллиардқа жуық жүріс қарастырылған. Бірдей және симметриялық жүрістерін ескеріп, кейіннен 56 миллион топқа дейін қысқартқан. Ал Google корпорациясы жүрістерді анықтауға өздерінің компьютерлерін ұсынған. Дэвидсонның ойы бойынша, 2,8 гигагерц жиілікте істейтін Nehalem микроархитектуралы процессорге негізделген компьютер барлық жүрісті 35 жылда есептеп, бағдарлама қылып ұсына алады екен. Және Кубик Рубикті шешуге мектеп кезінде математика сабағынан өткен қарапайым ғана формулалар көмектесетін көрінеді. Тек сіз әлгі формулаларды өз пайдаңызға жаратсаңыз болды.

Сурет: toysblog.ru 

Л. Лига