- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Әлемдегі ең қауіпті...
Әлемдегі ең қауіпті 10 у (жалғасы)
Әлемдегі ең қауіпті улар туралы алдыңғы тақырыпта жаздық. У табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи у өсімдіктерден бөлінеді. Ал жасанды дегеніміз, адамдардың белгілі бір тәжірибе жүзінде химиялық қоспалар арқылы ойлап тапқан заһар түрлері.
1. Сынап
Қазақта «сынаптай сусып» деген сөз бар. Яғни қолға тұрмайтын деген мағынада айтылады. Бірақ бұл элементтің у екенін жақсы білеміз. Оның үш түрі кездеседі және үш түрі де адам өміріне қауіпті: ең бастапқы күйі, бейорганикалық және органикалық түрі.
Сынаптың бастауыш күйі үй шамдарында, термометрлерде болады. Олар сынған жағдайда ішінен бөлінетін сынап адам өміріне қауіпті.
Бейорганикалық сынап – батарея өнімдерін жасауда қолданылады. Ішке пайдаланған жағдайда бүйректің жұмысын тоқтатып, адамды өлімге алып келеді.
Органикалық сынап – балықтардың ағзасында кездеседі. Уланған жағдайда адамның бас айналуы, жүрек айнуы, жүрек талмасы секілді кенет ауа жетіспеушілік болуы мүмкін.
2. Стрихинин
Стрихин уы – кристалл тәрізді ақ ащы ұнтақтан тұратын зат. Иіссіз болады. Адам өміріне өте қауіпті. Чилибухи ағашынан алынатын уды Үндістанда және оңтүстік-шығыс Азияда өндіреді.
3. Күшәла (Мышьяк)
Менделеев кестесінде 33 орында кездесетін химиялық улы элемент. Тегінде «у» сөзінің синонимі ретінде қолданылған. Аталған у із қалдырмайды. Бұлай деуге себеп, оны адамдар саяси өлімдерді аяқ астынан тудыру үшін жасаған. Өйткені у ішке түсіп, адам қайтыс болғаннан кейін, оның белгілері холер ауруымен бірдей болып шыққан.
4. Кураре уы
Кураре уы – оңтүстік Америкада өсетін өсімдіктердің қоспасынан жасалған. Негізінен улы жебелерге арналған. Бұл у медицинада кездеседі. Онда оның ерітіндісі пайдаланылады. Удың құрамында алкалоид бар. Бұл адамның уланған кезде бірден өліп кетуіне алып келеді.
Кураре уынан адам уланғаннан кейін азапты және ұзақ мерзімдегі өлімді бастан өткізеді. Амазонкалық тайпалар аталған уды жануарларды аулауға арнайы дайындап жасаған.
5. Батрахотоксин
Ғалымдар удың бұл түрімен жиі ұшырасады. Бұл қуантары анық. Себебі, бұл әлемдегі ең қауіпті удың қатарына жатады. Колумбияда өмір сүретін құрбақалардың бойынан бөлінетін бұл сөлдің (у) қауіптілігі – жүрек бірден тоқтайды. Яғни қан арқылы әсер ету күші жоғары.