Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Сынап термометрі сынса

Сынап термометрі сынса

Сынап термометрі сынса

"Сынап төгілген үйде тұруға болмайды", "Сынапты қолмен ұстауға болмайды", "Сынап ауыр у" деген сөздерді естіп жатамыз. Әрқайсымыз қолға сынап термометрі алғанда оны сындырып алудан қорқамыз. Әр үйде болуға тиісті құралды сындырып алсаңыз не істеу керек?

Термометрдің ішіндегі сынап біздің көмекшіміз. Алайда термометр шағылған жағдайда сынап нағыз жауымызға айналады. 

Мұндай жағдай әркіммен де болуы мүмкін. Ортасына сынап құйылған шыны термометр өте нәзік бұйым. Егер абайсызда сынап термометрді шағып алсаңыз, біздің кеңестерімізді еске алыңыз. Оларды дұрыс орындасаңыз, сынаптап зиян болмайды.

Ең біріншіден бөлмеден балалар мен үй жануарларын шығару керек. Терезелер мен есіктерді барынша ашып, бөлменің желденуін қамтамасыз етіңіз. Сынапты жинастырған кезде бөлмеге басқа ешкімнің кірмеуін қадағалаңыз.

Сынапты жинау үшін сізге резеңке қолғап, қақпағы жақсы жабылатын металл не шыны банка, қағаз, кішкене жаққыш, қалақ пен медициналық алмұрт қажет болады. Мүмкін болса суға не ас содасының ерітіндісіне малынған маска киген дұрыс.

Осы заттарды дайындап келіп, резеңке қолғаптарды киіңіз. Мүмкін болса аяққа да полиэтилен пакетін немесе бахил киген дұрыс. Термометрдың үлкен сынықтарын асықпай, ақырын жинап, банкаға салыңыз. Жаққыш пен қалақ көмегімен қалған майда сынықтар мен үлкен сынап тамшыларын жинап алыңыз. Кіші тамшыларды жаққышпен қағазға жинаған жөн.

Сынап төгілген жерді мұқият қарап шығып, едендегі тесіктер, жиһаз бен басқа да заттардың шеттерінде сынап тамшылары қалып қоймағандығына көз жеткізіңіз. Оларды жинау үшін медициналық алмұртты қолданыңыз. Қалдықтарды металл банкасына жинаңыз. Барлық сынап жиналды дегенде ғана металл банканың қақпағын берік жауып, сынап төгілген жерді марганцовка ерітіндісімен немесе ас содасы мен сабын қосылған сумен сүртіп шығыңыз.

Әрине егер сынап түзу еденнің бетіне төгілсе, оны жинау аса қиын болмайды. Алайда кілем не жиһаз бетіне шашылған жағдайда бұл қиын болуы мүмкін. Үлкен тамшыларды жинап, ал қалғанын шаңсорғыш көмегімен жинау немесе кілемді далаға шығарып қағу дұрыс емес. Мұндай жағдайда сынап буланып адамның өкпесіне кіріп кетуі мүкін. Ал бұл өте қауіпті.

Жинап алған банкаңызды қоқысқа лақтырмаңыз, бұл өзгелердің денсаулығына және қоршаған ортаға жаман әсер етуі мүмкін. Дұрысы сынапты Төтенше жағдай бөлімшілеріне өткізіңіз.

Сынаптың қандай зияны бар?

Сынап – нөлдік температурадан жоғары кезде буланатын қауіпті элемент. Үйде төгілген сынап буланып, қауіпті бола алатындығы сондықтан. Осындай бөлмеде 2-2,5 сағат болғаннан кейін адам сынап буымен уланады. Тамағыңыз бен ішіңіз ауырып, өзіңізді әлсіз сезінесіз, құсқыңыз келіп, ауыз сөлі көбейеді. Кейбіреулер аузында металлдың дәмін сезеді. Сондай-ақ, сынаптың кішкене тамшысын байқамастан жұтып қоюыңыз да мүмкін. Сынап жүйке жүйесі мен бүйректерге зақымын тигізеді. Сынаппен уланған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.

Келесіде өзіңізге электронды термометр сатып алғаныңыз жөн. Алайда қазіргі таңда сынап термометрі ең дәл өлшейтін түрі болып қала береді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vigivanie.com

26415 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 24 қыркүйек 2013, 16:14
Пікірлер
+0
24 қыркүйек 2013, 16:15

Керек ақпарат. Рақмет!

+0
24 қыркүйек 2013, 17:14

ммм бұрын термометрді сындырып алып, сынаппен ойнаған күнімде болды :) Соншалықты қорқатын ештеме жоқ сияқты :roll:

+0
24 қыркүйек 2013, 23:09

менде ойнағам. бірақ далада еді

+0
24 қыркүйек 2013, 17:49

кішкене жаққыш, қалақ пен медициналық алмұрт деген не? Түсінбей отырмын

+0
24 қыркүйек 2013, 23:08

алмұрт деген клизма жасайтын ше, сол ғой. Қалақ деген қалақ. Ал кішкене жаққыш деген жандыргалка болу керек шамасы

+0
25 қыркүйек 2013, 09:49

жоға)жаққыш қой кисточка немесе тіс щеткасы

+0
25 қыркүйек 2013, 09:54

аа) солай деп жақшаның (скобканың) ішіне жазып қоймадыңдар ма? кімнің ойында не бар, соны жазады ғой :D

+0
25 қыркүйек 2013, 16:47

кішкентай кезімізде ол сынаппен де ойнадық қой. кейін барып білдік қой буның таза радиация екенін...қай организмді алып кетті екен...

+0
02 қыркүйек 2016, 09:55

Ккішкентай кезімде сынаппен ойнап оны ішіпте алғаным бар

+0
02 қыркүйек 2016, 16:01

Ішііііп? Еш жеріңіз ауырмады ма? Соншалықты қауіптілігі қайсы?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев