- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- NASA Марсқа ғарышкер...
NASA Марсқа ғарышкер ұшырады
NASA ғарыш агенттігі Марсты игерудің жаңа бағдарламасын дайындады. Жобаның негізгі мақсаты — 2030 жылы адамды Қызыл ғаламшарға қауіпсіз технологияның көмегімен жеткізу. Бұл туралы Space.com ақпараттық ресурсы хабарлады.
Марсты игеру бағдарламасы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — адамды ғарышқа бейімдеу. Бұл қазіргі кезде Халықаралық ғарыш станциясында жүргізіліп жатыр. Ал екіншісі келесі онжылдыққа бағытталған. 2025 жылы америкалықтар құрастырған «Orion» ғарыш кемесі адам баласын астероидқа жеткізеді. Сондай-ақ, ғарышкерлер Айда біршама уақыт тұрақтап, арнайы капсулада өмір сүреді. Ал 2030 жылы бағдарламаның үшінші кезеңі басталады. Нақтырақ айтар болсақ, адам баласы Марсқа ұшады. Мұны іске асыратын зымыран арнайы ионды қозғалтқыштармен жабдықталады. Аталған технология салмағы жеңіл әрі жанармайды тиімді пайдаланатын құрылғы құрастыруға негізделген.
«NASA — ғарышкерді Марсқа ұшыру мүмкіндігі орасан зор бірден-бір агенттік. Сол үшін де жаңа бағдарламаны жария етіп, барлық ресурсымызды осы мақсатты жүзеге асыруға бағыттаймыз», — дейді NASA агенттігінің ғылыми қызметкері Чарли Болден.
Айта кетсек, бүгінге дейін NASA Марсты игеруге бес аппаратын ұшырды. Ал 2020 жылы «Марс-2020» атауына ие тағы бір ровері ұшырылмақ. Бұл аппараттар жиған мағлұматтар Марсты игеру жобасында қолданылады.
Ж. Өрісбай