- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- NASA астероидқа алты...
NASA астероидқа алты ғарышкерден тұратын экспедиция ұйымдастырады
Америкалық NASA ғарыш агенттігі Asteroid Redirect Mission (АRМ) жобасы аясында астероидтардың ұшу бағытын зерттеуге арнайы экспедиция ұйымдастырмақ. Экспедицияға бағдарламаланған роботтармен қатар ғарышкерлер де қатысады.
Экспедицияның алғашқы робот-аппараты 2020 жылы ұшырылмақ. Оның негізгі миссиясы астероидтың бетінен қойтасты алып, оны Айға жеткізу болып табылады. Ғалымдардың есебі бойынша, аппараттың айдың тұрақты орбитасына жетуі үшін алты жыл қажет болады.
Ал АRМ миссиясының нақты қай астероидқа қонуы 2019 жылы белгілі болады. Себебі ғарыш нысанының тартылу күшіне бағынбайтын астероидтардың нақты қайсы Айға жақын ұшып өтетінін анықтау өте қиын. Қазіргі кезде NASA агенттігі Bennu, Itokawa және 2008 EV5 астероидтарының ұшу бағытын зерттеп жатыр.
Ал 2025 жылы алты адамнан тұратын ғарышкерлер экипажы Orion ғарыш кемесінде астероидқа бағыт алады. NASA мамандарының айтуынша, бұл адам баласының ең алысқа жасаған ғарыштық сапары болмақ.
Айта кетсек, АRМ миссиясы 2,6 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. Ғалымдар аталған жоба нәтижелері болашақта Марсты бағындыруға зор ықпал ететінін айтады.
Сурет: стоп-кадр
Ұқсас жазбалар:
Ғалымдар галактикамыздағы ең жылдам жұлдызды анықтады
Ғалымдар Жердің мантиясын 3D-картаға түсіреді
Жерге алып астероид түссе, не болады?
Гипотеза: Күннің құрамында қара материя болуы мүмкін
Ж. Өрісбай