Ғалымдар галактикамыздағы ең жылдам жұлдызды анықтады

Ғалымдар галактикамыздағы ең жылдам жұлдызды анықтады

Еуропаның оңтүстіктегі (Чили) обсерваториясындағы ғалымдар "Құс жолы" галактикасындағы секундына 1200 шақырым жылдамдықпен қозғалатын жұлдызды бақылай алған.  The New York Times газетінің жазуынша, ең жылдам қозғалатын жұлдыз US 708 атауына ие болып, галактиканың орталығынан тысқа қарай бағытталып ұшуда екен.

"Мұндай жылдамдықпен Жерден Айға 5 минутта жетуге болады", - дейді Гавайи штатындағы Юджин Магнье институтының ғылыми қызметкері. Ғалымдардың айтуынша, US 708 жұлдызы бұрын бинарлық жүйенің бөлігі болған екен. Ал оның қазіргі алған бағыты осыған дейінгі маңызды болған бірнеше теорияны жоққа шығарып отыр.

Сондай-ақ, аталған жұлдыз өзінде бар гравитацияның арқасында кішкене ақ жұлдыздың қалыптасуына негіз болған. Бірақ қозғалыстың өте жылдам болуы, жаңа жұлдызды жарты жолда қалдырып кетіпті. Ал қызыл жұлдыз осы бағытынан қалмаса, көп уақыт өтпей "Құс жолы" галактикасынан шығып кетері анық.

Әзірге ғалымдар қызыл алыптың мұндай жылдамдыққа қалай ие болғанын анықтауда. Оған үлкен дүмпу немесе қара ойықтың тартылу күші себеп болуы мүмкін.

Сурет: techno.bigmir.net

Ұқсас жазбалар: 

Күн тұтылу құбылысы басталды

Вояджер – ғаламдағы ең жылдам ғарыш аппараты

Ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығаруда

АҚШ-тың әскери спутнигі орбитада жарылып кетті

Ж. Өрісбай