Firefox OS операциялық жүйесімен алғашқы смартфон жарық көрмек
![Firefox OS операциялық жүйесімен алғашқы смартфон жарық көрмек](/userdata/news/news_7422/photo.png)
Mozilla компаниясы Firefox OS операциялық жүйесімен жұмыс істейтін смартфондарды сынақтан өткізіп жатыр.
Сынақтан өтіп жатқан смартфонның атауы Mozilla Developer Preview Phone. Экранының көлемі 3,5 дюймды. Алдыңғы бөлігіндегі камера 3 мегапиксельді, ал артқы бөлігіндегі камера 1 мегапиксельге лайықталған. 1 гигагерцті Qualcomm Snapdragon S1 жүйелік блогы да бар. Жедел жады 512 Мб болса, ішкі жады 4 Гб. Сондай-ақ жаңа смартфон microSD жадын да қолдайды. Қосымша бөліктерінен Wi-Fi және 3G бар.
Айта кетейік, қаңтар айының басында өткен технологиялық CES-2013 жәрмеңкесінде компания Firefox OS жүйесіндегі Techcrunch смартфонын таныстырған болатын. Алайда, девайста кейбір қосымшалар дұрыс жасамай, іске жарамсыз деп танылған. "Енді Developer Preview Phone смартфонында ол қателіктер қайталанбайды",-дейді Mozilla компаниясының қызметкерлері.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: kurs.ru
Ю. НИКУЛЛИН