Немістер ультражеңіл материал жасап шығарды

Немістер ультражеңіл материал жасап шығарды

Германиялық ғалымдар жер бетіндегі ең жеңіл қатты зат жасап шығарды. Зерттеушілер бұл материалға аэрографит деп ат қойыпты. Айта кетелік, жаңа зат 99,99 % ауадан тұрады.

Бұл ғылыми жұмыспен Гамбургтағы "Техникалық Университет" пен Киль Университетінің қызметкерлері айналысқан. Әлемдік рекорд орнатқан аэрографит қара түсті. Құрамында ауадан бөлек көміртегі түтікшелері бар.

ва

Аэрографиттің молекулярлық құрылысы

Профессор Маттиас Мекленбургтың айтуынша, аэрографиттің 1 килограмы көлемі жағынан 5 куб метр пішінде болады. Көрнекілеп айтсақ, бұл кәдімгі үлкен үймен бірдей құрылым. Дәл осындай көлемдегі үйді транспорттау үшін 40 жүк мәшинесі қажет болатындығын да айта кетелік.

Профессор Карл Шульте аэрографитті болашақта ультражеңіл әрі ультражіңішке қуатты батарейкалар жасауға қолдануға болады деп отыр. Дегенмен ғалымның айтуынша, аэрографитті күнделікті өмірге енгізу үшін әлі ондаған жылдар қажет болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: n24.de, infuture.ru